Дипломдық жұмыс: Биология | Қан плазмасы және қан түйіршіктері

Дипломдық жұмыс: Биология | Қан плазмасы және қан түйіршіктері казакша Дипломдық жұмыс: Биология | Қан плазмасы және қан түйіршіктері на казахском языке

Мазмұны

Кіріспе .....................................................................................................................3
Әдебиеттерге шолу ...............................................................................................4
І тарау
Қан организімінің ішкі ортасы ..........................................................................6
1.1. Қанның құрамы мен негізгі қызметтері .....................................................6
1.2. Қанның физикалық және химиялық қасиеттері ......................................13
1.3. Қанның антигендік қасиеттері, қан фабрикасы, қанның жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі, қанның ұюы ............................................21
ІІ тарау
Қан плазмасы және қан түйіршіктері ............................................................23
2.1. Эритроциттер және гемоглабин ...................................................................25
2.2. Эритроциттердің тұну жылдамдығы, осмостық тұрақтылығы .................28
2.3. Лейкоциттер және тромбоциттер, иммунитеттің түрлері .........................29
ІІІ тарау
Қан қысымы, қан топтары ...............................................................................38
3.1. Жүрек пен қан тамырлар қызметінің гуморальдық реттелуі ....................43
3.2. Қанның ағу жылдамдығы .............................................................................54
3.3. Эксприменттік бөлім
Қанның құрамының және қан қысымының пульс жиілігі, жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістерін зерттеу ...........................................55
Қорытынды .........................................................................................................59
Пайдаланған әдебиеттер ...................................................................................61
Қосымшалар

Кіріспе
Қан ағзадағы дәнекер ұлпаның бір түрі. Қанның құрамы сұйық плазмадан және қан түйіршіктерінен (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер тұрады. Ересек адамдарда 4,5-5 л қан болады. Қанның атқаратын маңызы орасан зор. Қан құрамындағы лейкоциттер организмді әр түрлі зиянды заттардан қорғайды.
Қан мен лимфа және ткань аралық сұйықтық организмнің ішкі сұйық ортасын құрайды да, бүкіл дене клеткаларын, тканьдерін жуып жатады.
Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық және химиялық қасиеті біршама тұрақты болады, сондықтан да организмдегі клеткалардың тіршілік процесі қалыпты жүріп жатады.
Қан организмдегі клеткаларға, тканьдерге қоректік заттарды жеткізетін болса, екінші бір органдар зиянды, қорексіз улы заттарды организмнен шығарып отырады. Қорыта келгенде қан организмдегі клеткалардың тіршілігін сақтайды, әрі ол клеткалар мен тканьдердегі су мен минерал заттардың мөлшерін реттеп тұрады.
Қан қан тамырларымен ағады да, организмнің барлық клеткаларына қоректік заттарды тасу қызметін атқарады. Мысалы, қан тканьге глюкоза, амин қышқылдары, май, витамин, минерал заттарын, суды, оттегін т.б. қоректік заттар жеткізсе, екінші жағынан зат алмасу процесінің нәтижесінде организмнен бөлінген ақырғы өнімдерді (мочевина, аммиак, несеп қышқылы, көмір қышқылы) сыртқа шығару органдарына: бүйрекке, тер бездеріне, ішекке және өкпеге апарады. Қан организмде Гуморальдық реттелу процесін қамтамасыз етеді, яғни организмдегі органдарды химиялық жолмен бір-біріне байланыстыра отырып реттейді. Қанның организмді гуморальдық жолмен реттеуі – ондағы ішкі секреция бездерінде түзіліп, қанға қосылатын физиологиялық актив заттарға – гормондарға байланысты.
Сонымен бірге қанда болатын иммунитет факторы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Иммунитет - қандағы лейкоциттердің фагоцитоз процесіне бейімділігі. қандағы қорғағыш денелер организмдегі микробтарды, олардың бөлетін улы заттарын зиянсыздандырады және зиянды белоктарды ыдыратады.


Әдебиеттерге шолу
Гомеостаз 1876 жылы француз физиологы К.Бернар алғаш рет өз зерттеулеріне сүйене отырып, тірі организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығы жайлы гипотеза ұсынды. к.Бернар организмнің ішкі сұйық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы, тіршіліктің негізгі шарттарының бірі деген пікір айтты.
1929 жылы америка физиологы В.Кэннон организмнің ішкі сұйық ортасының салыстырмалы тұрақтылығын сақтау қабілеті оның барлық системаларының, функцияларының бір қалыпты тұрақтылығы, «Гомеостаз» деген терминді де В.Кэннон ұсынды.
Организмнің сұйық ортасының (қан, лимфа, ткань аралық сұйықтық) тұрақтылығы, әрі физиологиялық функцялардың бір қалыптылығы гомеостатикалық механизм нәтижесі болып табылады.
Физико-химиялық және физиологиялық процестер гомеостазды клеткалық дәрежеде сақтайды да, ішкі және сыртқы ортаның зиянды әсерлерінің бағытын өзгертеді. Клеткалық гомеостаздың өзгеруі клетканың құрылымдық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғады, кейін ол клетка өледі немесе өзгереді, мәселен, иондық радиацияның әсерінен рак ісіктерінің пайда болуы.
Л.С. Штерннің пікірі бойынша, әр органның клетка мембранасы әр түрлі метаболиттерді талдап өткізеді. Сондықтан да ішкі сұйық ортаның өзгерісін барлық органдар, системалар бірдей қабылдай бермейді. Мысалы, нерв ткань нейрондары мен ми клеткаларының ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын гематоэнцефаликалық барьер (ГЭБ) сақтайды.
Қан жасаушы органдардың реттелуі. Организмнің қалыпты жағдайында жасалатын және бұзылатын эритроциттерінің жалпы саны бірдей болады. Организмде оттегінің жетіспеуі, эритроциттердің санының шамадан тыс көбеюіне әкеліп соғады.
Орыстың атақты ғалымы, дәрігер С.П.Боткин өткен ғасырдың 80-жылдарында қан жасаушы органдар қызметін нерв системасы реттейтіндігін ашты. С.П.Боткин өзінің лабораториясында иттерге мынадай тәжірибе жасады. Сүйек кемігіне келетін нервті тітіркендіргенде, олардың қанында эритроциттердің саны артқан, ал симпатикалық нервті тітіркендіргенде лейкоциттердің саны артқан.
Тамақ ішкеннен кейін ас қорыту проесі күшті жүреді, сол уақытта лейкоцитердің саны артады, мұны тамақ лейкоцитозы деп атайды. И.П.Павловтың оқушылары зерттеп, тамақ лейкоцитозын шартты рефлекс арқылы жасауға болатынын дәлелдеді. Қан жасаушы органдарда, сүйек кемігінде, көк бауыр, бауыр, лимфа бездерінде толып жатқан рецепторлар бар. Осы рецепторларды тітіркендірсе, әр түрлі физиологиялық реакция береді. Сонымен, қан жасаушы органдар нерв системасымен екі жақты байланыста болады: біріншіден, қан жасаушы органдар өзінің қызметін реттей отырып, жоғары нерв системасының импульсін қабылдайды, екіншіден, өзінің физиологиялық жағдайын орталық және жоғары нерв системаларына хабарлап, өінің және организмнің өзгеруіне байланысты жаңа рефлекстердің пайда болуын реттейді.
Тамырды тарылтатын нервтерді вазоконстрикторлар деп атайды. Оны 1842 жылы Киев физиологы А.П.Вальтер ашқан. Барлық вазоконстрикторлар симпатикалық нерв талшықтары болып есептеледі. ең негізгі тамырды тарылтатын нерв – құрсақ нервісі. Оның құрамында құрсақ қуысындағы органдарға баратын симпатикалық нерв талшықтары өте көп.
қан тамырын кеңітетін нервтерді вазодилятаторлар деп атайды. Мұны 1856 жылы француз физиологы Клод Бернар ашқан. Вазодилятаторлар да көптеген аралас нервтің құрамына кіреді.
Тамырды тарылтатын нерв талшықтарының бірқатары парасимпатикалық нерв системасының құрамына кіреді, мысалы жамбас, тіл, сілекей бездерінің нервтері.
Тамырды кеңітетін нерв талшығының шамалы бөлігі симпатикалық нервтің де құрамына кіреді, мысалы, жүректің өзін қоректендіретін, мидың және ауыз қуысының ішкі кілегей қабығының қан тамырларының нервтері.
Қалған барлық тамырды тарылтатын нервтер жұлынның артқы түбірінен шығатын орталықтан тебетін нерв болып есептеледі.
И.П.Павловтың пікірі бойынша, барлық тамырды кеңітетін нервтер қоректендіруші, яғни трофикалық қызмет атқарады.
Жүрек – тамыр системасының реттеруіне үлкен ми сыңарлары қыртысының тигізетін әсері. 1874 жылы орыс физиологы В.Я.Данилевский үлкен ми сыңарлары қыртысының маңдай бөлімінде жүректің қызметін реттейтін ең жоғарғы нерв орталығының бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Жүректің қызметі бас мидың әр жерін және ми сыңарларының қыртысын тітіркендіргенде де өзгеріп отырады.
Қанның қысымын реттейтін ең негізгі нерв орталығы үлкен ми сыңарларының қыртысында бар екендігін 1886 жылы В.М.Бехтеров пен Н.А.Миславский ғылыми тәжірибе арқылы дәлелдеген. Олардың қатысуымен жүректің қызметін және қан тамырларының тартылып-кеңейіп тұруын, адамның рухани күйі және ішкі сезім әсерлері арқылы да өзгертуге болады. Адам жасының ерекшеліктеріне байланысты жүрек және қан тамырларының қызметі бейімделіп, өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған жас баланың және бастауыш мектеп жасындағы балалардың жүрегі үлкен адамдардікіне қарағанда, өте жылдам соғады. Оның себебі: симпатикалық нерв кезеген нервке қарағанда ерте дамиды. кезеген нервтің тонусы 3 жастан асқан балада пайда болып, одан әрі қарай күшті, әрі тез дами бастайды, 7-8 жастағы балада жүректегі нервілер негізінен дамып болады.
I тарау. Қан организмінің ішкі ортасы
1.1 Қанның құрамы мен негізгі қызметтері
Организмнің ішкі ортасының маңызы. Организм барлық клеткалары мен тканьдеріне қоректік заттар мен оттегі үнемі еніп, олардан зат алмасуының ақырғы өнімдері шығарылып отырғанда ғана өзінің қызметін атқара алады. Бұл процестерді қан, қан сұйықтығы және лимфадан түзілетін организмнің ішкі ортасы қамтамасыз етеді. Ішкі орта организмінің барлық клеткаларының қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдайларды жасайды, бұл оның құрамының айтарлықтай тұрақтылығы мен физика –химиялық қасиеттерінің арқасында мүмкін болады. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау гомеостаза деп аталады. Организмде өтетін болмашы өзгерістер сол сәтте-ақ ішкі ортаның құрамы мен қасиеттеріне әсер етеді. Француз ғалымы Клод Бернардың Қанды «организмнің айнасы» деп атауы кездейсоқ жағдай емес. Қан. Қанның организмдегі маңызы алуан түрлі. Қанның негізгі қызметтерінің бірі – бұл оттегін , қоректік заттар мен дене клеткалары тіршілік әрекетінің өнімдерін тасымалдау. Ол осымен қатар бір мүшелерде түзіліп, басқа мүшелердің қызметіне әсер ететін заттарды тасымалдайды. Қан оның үстіне, лейкоциттер әрекетінің арқасында, сондай-ақ ерекше қорғаныш заттарының болуы нәтижесінде қорғаныш қызметін атқарады. Организмнің жылуы терінің тамырларын аралап өтетін қан арқылы қоршаған ортаға беріледі. Температура жоғарылағанда және бұлшықет қызу жұмыс істегенде терінің тамырлары кеңейеді. Мұнда қан сыртқы ортаға жылуды көп бөліп шығарады да, организмді қызып кетуден сақтайды. Қоршаған орта температурасы төмендегенде терінің тамырлары тарылады, бұл организмнің жылу шығаруын кемітеді. Сонымен, біздің денеміз өмір бойы тұрақты температурасын сақтайды. Адам қанының мөлшері айтарлықтай тұрақты және ол дененің массасы мен жасына байланысты. Жаңа туған балаларда қан дене массасының 15-20%, емшектегі балаларда - 13% құрайды. Балаларды 7 жастан бастап, қанның мөлшері ересек адамдардағыдай 7% шамасында болады. Массасы 70 кг ересек адамда 5-6 л қан болады. Адам тыныш күйде болғанда оның қанының 40-50% ғана қан тамырларымен қозғалады. Оның қалған мөлшері қан депоралары – бауырда, көкбауырда, шелде болады. Адам қансырағанда, бұлшықет жұмысы кезінде, дене температурасы жоғарылағанда, биікке көтерілгенде деподағы қан жалпы қан арнасына өтеді. Қан деполары организмдегі қанның тұрақты мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қан дәнекер тканінің тобына жатады. Бұл плазмадан және ондағы жүзгін арнаулы элементтер – қан клеткалары – эритроциттерден, лейкоциттер мен тромбоциттерден тұратын әлсіз сілтілі тұтқыр сұйықтық. Егер пробиркаға алдын-ала ұю қабілетінен айырған қан толтырсақ, тұнғанда немесе центрифугадан өткен соң ол екі: эритроциттерден тұратын төменгі қошқыл қызыл түсті тұнба қабатына және қан плазмасы болып табылатын сабан түсті сары мөлдір сұйықтық қабатына бөлінеді. Плазма мен эритроциттердің шекарасында лейкоциттерден тұратын өте жұқа қабат болады. [1,3]
Қан, лимфа және тінаралық (интерсттициялық) сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Тіршілік үшін осы ішкі ортаның оның ішінде қан құрамының физикалық, химиялық, биологиялық, қасиеттері тұрақты болуы шарт, тек осы тұрақтылықтың арқасында организм сырттағы құбылмалы да күделі өзгерістерге төтеп бере алады. Адамның солтүстік плоюс (үйек) суығында да, оңтүстіктің шыжыған ыстығында да өмір сүре беретіні осы тұрақтылыққа байланысты.Ішкі тұрақтылықтың өмір үшін аса қажет шарт екеніне тұңғыш көңіл бөлген француз физиологі Клод Бернар еді. Ол (1878ж) организмнің ішкі сұйықтық ортасының салыстырмалы тұрақтылығы тіршілікті сақтауда өте қажет екендігін мәлімдеді. 1929ж америка физиологы Уолтер Кеннон ішкі ортаның, организмнің басты- басты биологиялық көсеткіштерінің (константалардың) тұрақтылық дәрежесін белгілеу үшін гомеостаз деген жаңа термин ұсынды. Гомеостаз- деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы , дене температурасы т.т) айтады. Жасушалардың тіршілігіне байланысты және олардың айналадағы табиғи құбылыстарымен ойдағыдай қарым –қатынас жасауы әрдайым гомеостаздың сақталуына қауіп төндіретін жағдай болып саналады. Бірақ бүйрек , тер бездері, өкпе сияқты көптеген ағзалардың қызметі арқасында, сондай- ақ денедегі арнайы механизмдердің қатысуымен гомеосиаз әдетте бұзылмайды. Осыған орай ішкі орта үшін абсолюттік тұрақтылықтан гөрі салыстырмалы және динамикалық гомеостаз тән. Мұны гемокинез деп атаймыз. Қан жан-жануарлардың тіршілік етуіне аса қажет сұйықтық. Жарақаттану салдарынан қанның 25-30 сыртқа ағып кетсе, тіршілікке қауіп төнеді, ал 50 ағып кетсе өледі. Қан тамырда жылжымай тоқтап қалса не қан ағысы тым баяуласа адам өлуі мүмкін. Мысалы денедегі кейбір жасушалар, әсіресе ми қыртысының нейрондары уақытында келетін қан мөлшері азайса, 5-6 минуттан кейін бұзыла бастайды.
Қан және лимфа айналудың жалпы схемасы. Жылы қандыларда қан организмді толық бір рет айналып шығу үшін жүректен екі рет ағып өтуі керек: бірінде жүректің сол жақ бөлімінен, екіншісінде оның оң жақ бөлімінен ағып өтеді. Жүректің сол жақ қарыншасы қанды қолқаға айдап шығарады. Ал қолқадан – артерия тамырлары өте ұсақ артериялар мен артериолдарға тарамдалып, бүкіл организмді артерия қанымен қамтамасыз етіп отырады. Өте ұсақ артериялар және артериолдар жіңішке капилляр тамырларға тарамдалып, кейіннен тарамдалып бөлінген капилляр тамырлар өзара қайта бірігіп, вена тамырының негізін құрайды. Ұсақ вена тамырлары бірте-бірте бірігіп, іріленіп вена тамырларын түзеді. Екі вена қуысымен аққан вена қаны жүректің оң жақ жүрекшесіне келіп құяды.
Қан айналу системасының сол жақ қарыншадан қолқа түрінде басталып, оң жақ жүрекшеге келіп құятын қанның жолын – қан айналудың үлкен шеңбері деп атайды. Қан айналудың үлкен шеңберін құрайтын артерия тамырларында оттегіне қанық артерия қаны ағады. Капиллярға келгенде артерия қаны өзінің құрамындағы оттегінің біразын тканьге береді де, оның орнына зат алмасу процесінің нәтижесінде тканьде түзілген көмір қышқыл газымен әрекеттесіп, вена қанына айналады.
Оң жақ жүрекшеге құйылған вена қаны кейіннен оң жақ қарыншаға ауысады да, одан өкпе артериясы және оның тармақтары арқылы өкпе көпіршіктеріне қарай бағытталып ағады. Өкпе капилляры мен өкпе....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қан плазмасы және қан түйіршіктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биология дипломдық жұмыстар, Қан плазмасы және қан түйіршіктері, дипломдык Қан плазмасы және қан түйіршіктері жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобалар Би, Дипломдық жұмыс: Биология | Қан плазмасы және қан түйіршіктері дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін