👈 қаріп өлшемі 👉

Дене шынықтыру | Еркін жіне грек рим күресімен айналысатын спортшылардың төзімділік дайындығы

 Дене шынықтыру  | Еркін жіне грек рим күресімен айналысатын спортшылардың төзімділік дайындығы

Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУДАҒЫ ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 5
1.1 Түрлі қарқынды дене жүктемелері кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі функционалды күйінің сипаттамасы 5
1.2 Жекпе-жек спорт түрлерімен шұғылданушы спортшылардың дене сапаларын дамыту мәселелері 13

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 16
2.1 Спортшылардың жұмысқабілеттілігі мен функционалды дайындығын болжау мен бағалау әдістемесі 16
2.2 Дененің жұмысқабілеттілігін Гарвард степ-сынақтамасы бойынша бағалау әдістемесі 16

3 КҮРЕСПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫ ДАЙЫНДЫҒЫ 18
3.1 Дене дайындығымен шұғылданушылардың жүрек-тамыр жүйесінің Мартинэ функционалды сынақтамасы негізіндегі көрсеткіштері 18
3.2 Еркін күреспен шұғылданушы спортшылардың жүрек-тамыр және дене дайындығы көрсеткіштерінің Гарвард степ-сынақтамасы бойынша
көрсеткіштері 23

ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Спортшының жұмысқабілеттілігі бұлшық ет қызметінің әр түрімен айқындалып, адамның дене жұмысына қабілеттілігімен және дайындығымен айқындалады. Дененің жұмысқабілеттілігі қазіргі таңда бірқатар сала мамандарының қызығушылығын туындатып отыр [1].
Дене жұмысқабілеттілігі адам тіршілігіне маңызды, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына жарамды өндірістік қызметтің бірқатар түрлерімен анықталады.
«Дене жұмысқабілеттілігі» термині кеңінен қолданыста бар, дегенмен осы күнге дейін негіздемелі анықтамасы жоқ. Бар анықтамалардың өзінде ағзаның функционалды күйі мен еңбек тіимідлігі ескеріле бермеген. Жұмысқабілеттілік көбіне кәсіи қызметпен астарланып жатады [2].
Күрес спорттық қызмет түрі ретінде күрделі бағдарлы болып келеді. Осы сала спортшысының дайындығын жетілдіруде күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік сияқты дене сапаларымен қатар иілгіштіктің де маңызы зор. Олай болса, спорттық күресте жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін күресшінің дене дайындығы деңгейімен қатар дене дайындығының, қимыл қасиеттері дамуының маңызы зор [4].
Жалпы дене дайындығымен шұғылданушы спортшы ағзасының жетілуі қарқынды жүреді. Спортшының дене дайындығы қаншалықты атрқан сайын, оның ағзасы соншалықты жаттықтыру жүктемелерін жеңіл атқарады, оларға тез бейімделеді.
Арнайы дене дайындығы ағза мен оның жүйелерін нығайтуға, оның бейімделуін арттыруға бағытталған.
Ағзаның қарқынды дене жүктемелеріне бейімделу мәселесі қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Бұлшық ет қызметіне белсенді бейімделу жолының бірі – спорттық жаттығумен шұғылдану. Спорттық жаттығуға бейімделу ең алдымен жүрек-тамыр жүйесі қызметінің реттелуі мен бағдарлануына байланысты, болса, соңына қарай терең физиологиялық және биохимиялық өзгерістермен ұштасады. Бұл жерде осы жүйенің қорлы мүмкіндіктерінің жетілуі жүреді, бұл өз кезегінде спортта жоғары жетістіктерге қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады.
Зерттеу нысаны: жоғары дәрежелі грек-рим күресімен шұғылданушы академия студенттері: 18-20 жас аралығындағы 7 ұл және 3 қыз. Бақылау тобында волейбол, футбол, баскетбол сияқты спорттық ойындармен шұғылданушы, тек қана ЖОО бағдарламасы бойынша жалпы дене дайындығымен шұғылданушы осы шамалас жастағы ұлдар.
Зерттеу мақсаты: грек-рим күресімен шұылданушы спортшылардың жалпы дене дайындығы мен фунционалды дайындығын, сондай-ақ, басқа мамандық спортшыларының өспелі қуатты стандартты дене жүктемелеріне жауап ретіндегі жүрек-тамыр жүйесінің көрсеткіштері мен резервті мүмкіндіктерін зерттеу.

Зерттеу міндеттері:
1. Күресшілердің жалпы дене дайындығын Гарвард степ-сынақтамасын анықтау әдісімен, сондай-ақ, функционалды дайындығын жүрек-тамыр жүйесіне берілетін дене жүктемелерін сынақтамадан өткізу жолымен функционалды дайындығын анықтау арқылы зерттеу.
2. Күресшілер және спорттық ойын түрлерімен шұғылданушылардың жұмысқабілеттілігі мен функционалды дайындығының салыстырмалы бағасын тыныштық күйде және өспелі қуатты жүктеме беру кезіндегі көрсеткіштер бойынша тек жалпы дене дайындығымен шұғылданушылардың салыстырмалы бағасын беру.
3. Түрлі мамандықты спортшылардың қанайналым жүйесінің бейімделулі реакцияларының сипатын және стандартты сынақтамалы жүктемелерге дәрежесін анықтау.
Ғылыми жаңалығы: эксперименталды мәліметтер негізінде грек-рим күресімен, спорттық ойындармен шұғылданушы спортшылардың және спортпен жүйелі түрде шұғылданбайтындардың жүрек-тамыр жүйесінің бейімделулі өзгерістеріне негіздеме берілген.
Ағзаның жүрек-тамыр жүйесінің жүрек соғу жиілігі, максималды және салыстырмалы резервті көрсеткіштер, жұмыс қарқыны мен қуаты қарқынының абсолютті және салыстырмалы жұмыстық өсімі бойынша түрлі қарқынды дене жүктемелеріне бейімделу ерекшеліктері анықталған.
Түрлі мамандықты спортшылардың жүрек-тамыр жүйелеріндегі спортшылардың аэробты, аэробты-анаэробты өнімділігін көрсететін бейімделулі ығысулардың бағаламасы берілген.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы адам ағзасының түрлі дене жүктемелеріне жауап ретінде жүрек-тамыр жүйесі қызметіне сипаттама беру негіздемесімен анықталады. Бұл ағзаның функционалды жүйелерінің түрлі қарқынды сынақтамалы дене жүктемелері әсеріне бейімделулі механизмдеріне негіздеме беруге мүмкіндік береді.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы: жүрек-тамыр жүйесінің бұлшық ет қызметіне резервті мүмкіндіктері жұмыс қуаты мен дене жұмысқабілеттілігі туралы ережелер келтірілген.
Зерттеу материалдары жоғары дәрежелі спортшыларды дайындауда, оқу-жаттығу үдерісін жетілдіруде, сондай-ақ, оқу, оқу-әдістемелік материалдарын жасауда қолданылуы мүмкін.

1 СПОРТШЫЛАРДЫҢ ЖҰМЫСҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫ ДАЙЫНДЫҒЫН БАҒАЛАУДАҒЫ ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІН ЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

Спортшы ағзасының функционалды дайындық деңгейі оның жұмысқабілеттілігімен үйлестіріле бапкер үшін шыныққандықты болжау үшін нақты қолданылуы мүмкін.
Спортшы ағзасы жүйелерінің функционалды күйін зерттеу үшін оны тыныштық күйде және түрлі функционалды сынақтамалар жүргізу үшін қолданылады. Алынған мәліметтер спортпен шұғылданбайтын дені сау адамдардан алынған нәтижелермен салыстырылады.
Спорттық медицинада және физиологияда ағзаның қызметті күйінің бірқатар көрсеткіштері қабылданды, олар қалыпты өлшемдермен салыстырмалы түрде қарастырылады. Оларға мысалы, жасы, зерттелінушінің бойының ұзындығы, салмағы, спорттық мамандығы, дәрежесі жатады [10].
Функционалды дайындық диагностикасы бір-бірімен байланысты көптеген өлшемдер негізінде жүргізіледі. Ағзаның жүрек-тамыр жүйесінің функционалды күйінің сипаттамасы тыныштық күйдегі және жүктеме беру сынақтамаларының нәтижелері ескерілген жағдайда ғана толық болып есептелінеді. Мұндай сынақтамаларға ағзаның жекелей жүйелерінің, соның ішінде жүрек-тамыр жүйесінің функционалды күйін зерттеуге арналған сынақтамалар жатады.
Жүйелі түрде жүргізілген спорттық жаттығу барысында жүрек-мамыр жүйесі қызметінде функционалды бейімделулі өзгерістер дамиды. Қанайналымның кешенді түрде құрылымды-функционалды қайта құрылуы спортшының қарқынды және ұзақ уақытты дене жүктемесін орындауға мүмкіндік беретін жоғары жұмысқабілеттілігін қамтамасыз етеді.
Спортшылар үшін кардиореспираторлық жүйенің құрылымды-функционалды өзгерістерінің мәні зор. Ол сыртқы тыныс алудан, қаннан, жүрек-тамыр жүйесінен және ұлпалық тыныс алу жүйесінен тұрады. Кардиореспираторлық жүйе жұмысының тиімділігіне көбіне спортшының дене жұмысқабілеттілігі деңгейіне байланысты. Қанайналым аппаратының маңызы зор [11].
Адамның жекелей «оттекті шегі» минутына 3-6 литрмен шектеледі. Бұл маңызды факті жүрек қызметінің спортшының жұмысқабілеттілігін қамтамасыз етудегі мәнін түсіндіреді. Мысалы, жақсы шыныққан спортшылардың жүрек көлемдері ұлғайғандығы анықталды. Хеншен 1899 жылы «спорттық жүрек» деп аталатын медициналық термин ұсынылған.
«Спорттық жүрек» - жүректің жоғары бейімділігімен және өнімділігмен қамтамасыз ететін құрылымды және функционалды ерекшеліктерін сипаттайтын жоғары функционалды мүмкіндік қабілеті бар толығымен дерлік сау жүрек. Бұл миокард гипертрофиясының дамуына байланысты. Миокард гипертрофиясының биологиялық тиімділігінің негізінде тыныштық күйдегімен салыстырғанда дене жүктемесі кезінде «спортты жүрек» бір жиырылған кезде екі есе қысқартылған уақыттағыға қарағанда 2-3 есе көп қан бөлінеді. Физиологиялық гипертрофия жүрекке түсетін жүктеме азайғаннан кейін қайтымды [12].
Спорттық жүректің функционалды ерекшеліктеріне тыныштық күйдегі және дене жүктемелері кезіндегі үнемді қызметін, сондай-ақ, жүрек-тамыр жүйесінің бұлшық ет қызметі кезіндегі жоғары өнімділігін жатқызуға болады.
Бапкер мен дене тәрбиесі оқытушысының жұмысы үшін кардиодинамика мен гемодинамика көрсеткіштері бойынша бағаланатын миокрадтың жиырылу қызметінің мәні зор.
Миокардтың жиырылу қызметі жүректен тыныштық күйде және жүктемелере кезінде бөлінетін көлемі бойыншы, яғни гемодинамика көрсеткіштері бойынша бағаланады. Белгілі болғандай, дені сау ересек адамдарда систолалық және минуттық қан көлемдері орташа есеппен - 40-90 мл, спортшыларда - 50-100 мл. Кейбір жоғары дәрежелі спортшыларда бұл көрсеткіштің тыныштық күйдегі мөлшері - 100-140 мл. Сонымен, спортшыларда тыныштық күй жағдайында систолалық қан көлемінің артуы айқындалады деп айтуға негіз бар [13].
Систолалық қан көлемінің біршама жоғары көлемдері жалпы дене жұмысқабілеттілігінің жоғары деңгейі бар спортшыларда (шаңғышыларда, велосипедшілерде, стайерлерде) анықталады. Салыстырмалы түрде жалпы денелік жұмысқабілеттілігі көп емес спортшыларда (гимнасшыларда, ауыр атлеттерде және т.б.) қанның систолалық көлемі салыстырмалы түрде аз (қалыпты мөлшерде).
Артериялық қан қысымы – жүрек-тамыр жүйесінің функционалды күйінің басты көрсеткіші ретінде. Артериялық қысымның көлемі бірқатар факторлармен анықталады, олардың ішіндегі ең маңыздысы қанағымның минуттық көлемі мен артериолдар деңгейінде қанағымына келтірілетін кедергі арақатысы болып табылады.
Спортшылардың максималды қысымына арналған қалыпты ауқым 100-129 мм с.б.., минималды қысымыға - 60-79 мм с.б. Артериялық қысымы адамның жасына байланысты. Мысалы, 17-18-жасар шынықпаған ұлдар үшін қалыпты мөлешердің жоғарғы шегі - 129/79 мм с.б, ал 19-39 жастағыларға - 134/84 мм с.б., 40-49 жастағылар үшін - 139/84, 50-59 жастағыларға - 144/89, 60 жастан жоғарыларға- 149/89 мм с.б. [15].
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) АҚ 139/89 мм с.б. болатын, бірақ 159/94 мм с.б. аспайтын «шекті гипертензия» түсінігін заңдастырды. Артериялық қысым спортшыларда – жүрек-тамыр жүйесінің функционалды күйінің маңызды бірлестікті көрсеткіші болып табылады.
1.1 Түрлі қарқынды дене жүктемелері кезіндегі жүрек-тамыр жүйесі функционалды күйінің сипаттамасы

Пульс дегеніміз артерия қабырғаларының жүректің сол жақ жүрекшесі систоласы нәтижесінде бөлінетін қанмен толтырылуы нәтижесінде олқынтәрізді, ырғақты қозғалыстары. Қолқаның бастапқы бөлімінің қанмен кеңеюі шетке артерия қабырғасы бойымен толқынды қозғалыс түрінде таралады. Жүрек соғуы сипатының сараптамасы жүрек-тамыр жүйесінің күйін бағалауда маңызды көмекші бола алады. Жүрек соғуы негізінен 10, 15, 20, 30 сек арасында есептелінеді де 1 миунт көлеміне шаққандағы мөлшері арылнады. Кейде соғу ырғағы бұзылғанда чение 60 сек және одан көп уақыттағысы есепке алынады. Функционалды сынамаларды жүргізу кезінде 10 сек ішіндегі жүрек соғуын есептеумен шектелуге болады. Спортшыны ең алғаш бақылаудан өткізу кезінде жүрек соғуының есептелу уақыты 30 сек кем болмауы керек.
Дені сау ересек адамның жүрек соғуы тыныштық күйде 60-80 соғу-ми аралығында болады. Оның мөлшеріне дененің күйі әсер етеді (жатқан кездегі жүрек соғуы орташа есеппен 10 соғу/мин кем), жынысы бойынша (әйелдердің жүрек соғуы аздап жиірек) және жасы (3 жасқа дейінгі балаларда жүрек соғуы 100 соғу/мин шамасында болады да, баланың жасы жетілген сайын біртіндеп төмендейді). Жүрек соғуының 1 минутта 80-нен артуы тахикардия, ал 60-тан төмен баяулауы – брадикардия деп аталады [16].
Артериялық қысымды тікелей және жанама әдістермен өлшеуге болады. Соның ішінде жиі таралғаны – қан қысымын өлшеудің Рива-Роччи ұсынған жанама әдісі.
Систолалық және диастолалық қысымдарды өлшеу үшін Н.С. Коротвко ұсынған дыбысты әдіс қолданылады. Бұл жәрде Рива-Роччи тәсілі кезіндегі сияқты манжет пен манометр өолданылады. Бірақ, қан қысымының көлемі туралы жүрек соғуы бойынша емес, манжета қойлыған жерден төмен артерияда тыңдалатын дыбыстардың пайда болуы мен жоғалу айтуға болады. Бұл дыбыстар қан қысылған артерия бойымен аққанда ғана пайда болады. Қан қысымын аускультативті әдіспен анықтау кезінде ауа манжетке иық ертериясын толық қысқанға және дыбыс жойылғанға дейін толтырылады. Одан кейін манжеттегі қысым біртіндеп төмендетіледі. Ол систолал кезіндегі қысым манжеттегі қысымнан жоғары болғанға дейін төмендегенде систола кезінде манжет астындағы қан ағымынан туындаған артерияда дыбыс естіле бастайды. Осы дыбыстарға сай келетін манометр көрсеткіші систолалық қысымыды көрсетеді. Қан қысымы ары қарай төмендеген кезде манжеттегі қысым алдымен күшейеді де, соңынан жойылады. Осы кезде манжеттегі қысымы жүрек босаңсыған кездегі артериядағы қысымға теңеледі. Манометрдегі көрсеткіш бұл кезде диастолалық қысымға сай келеді [17].
Қан қысымы максималды, минималды және пульстік болып үш түрге бөлінеді.
Максималды немесе систолалық артериялық қысым жүректің сол жақ жүрекшесі систоаласы кезінде пайда болады. Оның деңгейі состола күшіне байланысты болады.
Минималды немесе диастолалық ертериялық қысымы, яғни сол жақ жүрекшенің диастоласы кезіндегі артериялық жүйедегі қысым шеткі кедергі деңгейімен анықталады және қанның артериялық жүйеден қайту жылдамдығына байланысты болады.
Осы систола күші мен шеткі кедергі сияқты екі фактор артериялық қысымыды өанықтайтын негізгі көрсеткіштер болып табылады. Қанның көлемі мен құрамының ықпалы аздау болады, бірақ қан тұтқырлығының артуы артериялық қысымды біршама көтереді.
Пульстік артериялық қысымы максималды артериялық қысым мен минималдының арасындағы айырмашылық болып табылады және систолалық қысымның көлемі туралы жанама мәлімет береді. Қаншалықты пульстік қысым жоғары болса, соншалықты систолалық қан көлемі жоғары болады.
Артериялық қысымының 100/60 мм с.б. төмен мөлшері жиі уақытша, спорттық пішін күйіне өтпелі күй түрінде кездеседі. Бұл күй жоғары шыныққандықтың гипотониясы деп аталады. Бұл жағдайларда гипотониялық күйді брадикардияға, шыныққандық деңгейі жоғары дәрежеге жеткен спортшылар ағзасы қызметінің үнемделуі түрінде қарастыру қажет.
Дұрыс ұйымдастырылған дене еңбегі, егер ол тым ауыр болмаса артериялық қысымынң төмендеуіне ықпал етеді, яғни осы жолмен қан қысымы жоғары адамдардың қан қысымын емдік дене шынықтыру құралдарын қолдана отырып төмендетуге қол жеткізуге болады [19].
Бірақ, спортшылардағы артериялық қысымның төмендеуі барлық уақытта бірдей функционалды күйдің жоғары деңгейлі айқындалуын көрсете бермейді. Ол шамадан тыс шаршау, сондай-ақ созылмалы жұқпалы аурулар салдары түрінде де қалыптасуы мүмкін. Кейде спортшылардың артериялық қысымының төмендеуі гипотониялық немесе гипотноиялық реакцияның нецроциркуляторлы дистония деп аталатын аурудың белгісі ретінде болуы мүмкін. Сондықтан, спортшының артериялық гипотониясын физиологиялық ретінде тек қана ол қандай да бір патологияның салдары болмаған жағдайда ғана бағалауға болады. Әсіресе бұл аретриялық гипотониялары бас ауруы, әлсіздік, тез шаршау күйімен астарласатын спортшыларға тән. Мұндай спортшылар мұқият дәрігерлік бақылауда болуы қажет.
Тек қана спортшының күйі жақсы болғанда, денсаулығында ақау болмаған жадайда, жаттығудың дұрыс жүргізілуі кезінде ғана артериялық қан қысымының төмендеуін жүрек-тамыр жүйесі қызметі үнемделуінің айқындалуы, тиімді спорттық шынығудың нәтижесі ретінде бағалауға болады.
Артериялық қан қысымы 130/80 мм с.б. жоғары спортшылар зерттеушілер мәліметтері бойынша 10-15 пайызды құрайды, бұл спортпен шұғылданбайтындар арасындағы жоғары қан қысымы бар адамдардың пайыздық көрсеткішінен жоғары. Мұның мүмкін бір себебі ретінде денелік және эмоциялық ширығуды алуға болады [20].
Артериялық қан қысымының жоғарылауындағы басты маңыздылыққа екі фактор ие. Оның біріншісі – талапты реакцияларға бейім болу, екіншісі – сыртқы орта факторларының әсері, оларға ең алдымен денелік және ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы