Ветеринария | Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

 Ветеринария | Жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау және емдеу

Мазмұны

Бет.
Кіріспе...................................................................................................................
Әдебиетке шолу...................................................................................................

Негізгі бөлім........................................................................................................
1Зерттеу жұмыстарының бағыты.....................................................................
Зерттеу материалдары және әдістемелері.....................................................
Зерттеу жұмыстары..........................................................................................
Жылқының аяқ тұсамыс буындарының контрактурасының емін жетілдіру...........................................................................................................
Экономикалық тиімділікті есептеу...............................................................
2.1 Нәтижелерді қортындылау және бағалау....................................................
2.2 Болашақ бағыт туралы ұсыныстар................................................................

Қорытынды............................................................................................................

Қолданған әдебиет тізімі.....................................................................................

Реферат.................................................................................................................

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі уақытта Қазақстанда жылқы шаруашылықтары даму барысында. Өйткені жылқы шаруашылықтарының жақсы экономикалық тиімділігі бар.
қазіргі уақытта жылқы шаруашылықтары екі жақта дамып жатыр:
• спортқа қолданатын жылқыларды өсіру;
• өнімдер ( ет, қазы, қарта, шұжық ) алатын жылқылардың
басын көбейту.
Келесі жағдай шет мемлекеттерде айтылған жылқы өнімдеріне сұраныс бар.
Осыған орай шет мемелекеттерге шығарылатын өнімдер инфекциялық жұқпалы немесе хирургиялық аурулардан таза және сапалы болуы керек.
Біздің негізгі объектіміз спорт жылқылары. Спорт жылқылары шаруашылықтары Қазақстанда даму барысында. қазіргі уақытта көптеген аурулардың арасында спорт жылқыларында аяқ бақай буынының қабынуы – тендинит, немесе тендовагинит жиі кездеседі.
Ғылыми әдебиеердің деректері бойынша жылқының тендинитімен, тендовагинитін анықтау және емдеу барысында санаулы тәсілдер мен әдістер бар. Мысалы, емдеу барысында ең бірінші себебін анықтау керек, екінші тыныштық жасау керек, үшінші салқын, қысымды байлам және новокаиндік тежеу қолданылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда айтылған жылқының ауру - жарақаттарын клиникалық белгілеріне және рентген сүретіне қарап анықтайды.
Соңғы кездерде ұсақ және ірі жануарлардың ауруларын анықтау барысында рентген тәсілімен бірге ультрдыбыс әдісі қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі ол ұлпадағы патогендік өзгерістерді ертерек анықтауға жағдай тудырады және уақытында сапалы дәрігерлік көмек жасауды талап етеді.
Айтылған әдісті Қазақстанның жылқы шаруашылықтарында тендинит ауруларында жетілдіру және енгізу өте қажет.
Жоғары көрсетілген ауруларды емдеу барысында тітіркендіргіш майлар, лай, парафин, ионогальванизация, күйдіру, ұлпалық препараттар, УДТ, лидаза, массаж және тенэктомия тәсілдерін қолданады.
Көрсетілген емдеу тәсілдері айтылған жылықының ауруларында толық нәтиже бермейді, сондықтан, қазіргі уақытта белгілі тәсілдерді жетілдіру керек немесе жаңа әдіс табу қажет.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері

Жоғарыда келтірілген тақырыптардың мәселенің өзектілігін ескеріп, алдымызға мақсат қойдық: жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау барысында ультрадыбыс әдісінің қолдану технологиясын дайындау, оның анықтау қасиеттерін күшейту, оны өндіріс жағдайында сыннан өткізу, және емдеу тәсілдерін жетілдіру.

Мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттеме қойылды:

• емхана жағдайында жылқының жылқының тұсамыс буынының контрактурасын анықтау, және ультрадыбыс әдісінің қолдану технологиясын дайындау;
• ультрадыбыс анықтау әдісін күшейту;
• ультрадыбыс тәсілінің технологиялық үрдісін дайындау;
• ультрадыбыс тәсілінің технологиялық ережелерін сынақтан өткізу;
• технологиялық ережелерін өндірісте сыннан өткізу және қолдану нұсқауын дайындау;
• жылқының тұсамыс буынының контрактурасын емдеу тәсілдерін жетілдіру



Әдебиетке шолу

Бізге жеткілікті ғылыми әдебиеттер бойынша жылқылардың аяқ аурулары Қазақстанның мал шаруашылығына көптеген экономикалық шығын әкеледі Соның ішінде Қазақстанның жылқы спортына. Осы шығындар мал өнімділігінің мөлшерінің, сапасының төмендеуінен, төлдің жоқтылығынан және басқадай шығындардан құралады / 1 /. Көптеген жылқы ауруларының арасынан ең жиі кезедесетін аурулардың бірі, ол жылқының аяқ буынының бақайдың буккіш бұлшықеттерінің, байлам аурулары – тендинит және тендовагинит.
Көбінесе жылқылардың аяғының жіті жарақаттары уақытында анықталмай қалады, немесе сапалы дәрігерлік көмек жасалмайды. Осы, кезде асыл тұқымды жылқылардың бағасы - құны төмендейді.
Жылқының аяқ буындарының, бақай буынының бүккіш бұлшық етінің, байламдарының контрактураларының пайда болу себептері, ол жіті жарақаттар ( соғылған,ұрылған, құлаған кезде), бактерия, вирустар, іріңді қабынулар, күйік, ісік және т.б.с.
Айтылған, жіті жарақатта себептері қайталанса сол жерде дәнекер ұлпа дамиды, яғни контрактура пайда болады. Сол, ұлпа бақайдың бүккіш бұлшықеттерінің айналасы, аралығында өсіп, дами бастайды. Дәнекер ұлпаның зияны, ол жергілікті қан тамырларын, жүйке талшықтарын қысып жергілікті ұлпалардың көректенуін, зат алмастыру процесстерін бұзады , жергілікті ұлпаларда улану басталады / 2 /. Мұндай кезде, жіті жарақат созылмалыға айналады.
Ғылыми әдебиеттің деректері бойынша, жылқының аяғының созылмалы жарақаттары толық емдеуге келмейді / 3 /Мұндай жылқының, созылмалы аяқ жарақаттарын емдеу үшін оны жіті түрге айналдыру керек / 4 /. Бұл көптеген жануарлардың созылмалы аурулардың емдеу негіздер принципі. Енді айналдыру тәсілдеріне келсек, ол тәсілдердің саны көп емес. Мысалы, ол күйдіру, тітіркендіргіш майлар (ихтиол, скипидар, камфора майын, спирт) , тенэктомия қолдану / 5 /. Созылмалы қабынудың жіті түрге айналу белгілері, ол жергілікті және жалпы дене температурасының көтерілуі, ауырсынуы, домбығу.
Мұндай жағдайды болдырмау үшін, ең тиімдісі, ол жіті жарақатты ерте анықтау.Ол үшін жаңа әдістер қолдану кажет. Мысалы, ультрадыбыс толқындарын ( УДТ ) қолдану тәсілдері / 6 /. Қазіргі уақытта жылқылардың аяқ ауруларын анықтайтын көптеген тәсілдер бар ( рентген, термография, удт т.б.т.). Осы, айтылған тәсілдер туралы арнайы ғылыми әдебиеттерді зерттегенде келесідей мәліметтер анықталды. Ол, рентген тәсілдерімен жылқының аяғының ұлпасының жіті жарақатын анықтауға келмейді / 7 / . Термография тәсілімен жылқының аяғының ұлпасынгың патологиялық өзгерістерін ерте анықтауға болады, бірақ , оның жабдықтары Қазақстан жағдайында өте қымбат, ал ең тиімдісі ол УДТ тәсілін қолдану / 8 /.
УДТ тәсілінің тиімділігі, ол сезімталдық, жылдамдық, ұлпаларды, тамырларды, мүшелерді түрлі қозғалыста көру (динамикасы), термография тәсілімен салыстырғанда, экономикалық тиімділігі, жіті патологиялық өзгерістерді ерте анықтау / 9 /.
Тәжірибиелік емдеу жұмыстарында мал дәрігерлері көбінесе жылқылардың аяқтарының жіті бақай буынының бүккіш бұлшықеттерінің, байлам ауруларын клиникалық белгілеріне байланысты анықтайды ( ауырсыну, домбығу, ақсау, жергілікті қызу ) . Бірақ, көптеген жағдайда бұл белгілер толық көрінбейді немесе анықталмайды. Сондықтан, ұлпалардағы жіті патологиялық өзгерістер, тек қана термография немесе ультрадыбыс толқындары ( УДТ ) тәсілі арқылы ажыратуға болады.
Жоғары айтылған тәсілдерді патологиялық өзгерістерді ерте анықтау мақсатында, пайдалансақ, сапалы дәрігерлік көмекті ұйымдастыруға жағдай туғызады.
Жоғары, айтылған жаңа екі тәсіл (термография, удт) Қазақстанның мал дәрігерлік емханаларында жаңа ғана дамып жатыр. Қазіргі уақытта, бұл салада дайындалған, тиісті сертификаттары бар мамандардың саны өте аз.
Зерттеушілердің ғылыми деректері бойынша жылқылардың аяқ аурулары анықтау нәтижесінде, келесідей бөлінеді: тендинит пен тендовагинит – 30,3 %,
Миозит – 27, 2 %, бурсит – 21,2 %, периостит – 9,1 %, десмоидит – 6,1 %, бұлшық еттің контузиясы – 6,1 % / 10 /.
Көрсетілген тақырыпқа байланысты, зерттеу ғылыми әдебиеттерде түрлі мамандардың ұсыныстары жылқының аяқ жіті жарақаттарын анықтау және емдеу тәсілдеріне арналған. Көптеген, авторлар айтылған жарақаттарды емдеу үшін лазер саулесінің емдік қасиеттерін жоғары бағалайды / 11 /. Мысалы, ресейлік зерттеушілер хабарлауы бойынша лазер емдеу аппаратының («Рикта 01» М2В) саулесі жылқылардың аяқ буының бүккіш бұлшықеттерінің және оның қынабының қабынуының емі 512 Гц импульсының жиеліктігінде, күштілігі 16 Вт, экспозициясы 6 минутта пайда болады. Осы деректер, бойынша бұл тәсіл жылқының аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің жіті және созылмалы ауруларында жақсы нәтиже көрсетеді деп хабарлайды / 12 /.
Жоғары ғылыми ақпаратты, есептемегенде жылқылардың аяқ ауруларын анықтау және емдеу тәсілдері ( орта мөлшермен 80 % ) көбінесе жіті ауруларға арналған / 13 /.
Жоғарыда, аталаған жылқының аяқ ауруларының түрлі емдердің нәтижесін, қалай бақылауға болады деген сұрақ туады. Осыған, байланысты көптеген зерттеушілердің деректері бойынша, түрлі дәрілерге, әдістерге, тәсілдерге баға беру үшін олар жылқының жалпы клиникалық жағдайына, белгілеріне назар аударады, соңынан қанның лейкоцитарлық формуласының көрсеткіштерін анықтайды, соның ішінде лимфоциттердің саны есептеледі / 14 /.
Физикалық анықтау және емдеу әдістерден басқа ( лазер, рентген саулелері, ультрадыбыс толқындары т.б.т.) химиялық заттардан, дәрі шөптерден алынатын, биотехнологиялық тәсілдермен дайындалатын, көптеген дәрі заттар ұсынылады. Екінші жаңа тәсілдердің бірі, ол индометацин, хондроксид майлары 1:1 пропорцияларында араластырып оған 50 мг ферменттік препарат карипазим қосып физиологиялық ерітіндісіне араластырып, оны фонофорез арқылы жергілікті контрактура болған ұлпаға пайдаланады / 15 /.
Келесі әдістердің түрі, ол жылқының жіті жарақатты асептикалық тендовагинитті кезінде, күре тамырына 40 мг хионат дәрісі егіледі және жергілікті ұлпаны лазер саулесімен 6 минут бойы қыздырады / 16 / .
Жылқылардың аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшықеттерінің контрактурасын бәсеңдету үшін біраз тәсілдер бар. Мысалы, арнаулы өзгертілетін шина. Оны түрлі даму сатылардағы контрактураларға пайдалануға болады / 17 /. Контрактураны емдеу барысында, ең маңызды жұмыс, уақытында бақайдың бүккіш бұлшықетін созу. Ол үшін арнаулы құралдар жасалынған. Өйткені, бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне өлшемді күш пайдаланса контрактураның дамуы тоқталады / 18 /.
Кең тараған оперативтік тәсілдердің бірі, ол буын контрактураларында буынның капсуласын тіліп, оның ішіндегі патологиялы, өзгерген ұлпаларды алып тастау және метафиздың бетін қатты ми қабатымен жабу. Осы кезде зақымдалған ұлпаларда регенерация пайда болады / 19 /.
Күйіктерден болған контрактураларды емдеу кезінде, алғашқыда тыртықты дәнекер ұлпаларды созу қажет / 20 /.
Соңғы ғылыми жаңа тәсілдердің бірі, ол зертханалық термостат жағдайында жібек – бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне волокондық матрицаға полипотенттік торшалар енгізіп, өсіріп оның байламдарын дайындау / 21 / .
Жылқының контрактурасын емдеген жағдайда, маңызды жұмыстардың бірі, ол бақайдың бүккіш бұлшықеттеріне және байламдарға көп салмақ түсірмеу. Бұл тәртіпті сақтау үшін арнаулы механикалық жабдықтама жасалған. / 22 /.
Келесі тәсілдердің бірі, ол артроскоппен бақылап отырып синовиальдық
тыртықтарды гидравликалық, механикалық тәсілмен және буын ішіндегі тыртықтарды фиброздық капсуладан ажырату / 23 /.
Ірі буындардың контрактураларын арнаулы СКЭНАР аппараттарымен емдеуде жақсы нәтижелер анықталды / 24 /.
Ауыр күйіктерде пайда болған буындардың контрактурасын арнаулы шарнир дистракциялық аппаратпен емдеуін кейбір зерттеушілер хабарлайды./ 25 /.
Келоидті контрактураларды емдеу барысында арнаулы хирургиялық тігістерді қолданған кезде жақсы нәтиже болады деп хабарлайды маман - ғалымдар / 26 /.
Жарақат контрактураларын емдеуге арнаулы пептидтермен Х - NН – Gly – PRO - Ala- Gly – CO – Y танғыштарды ылғаландырып оны қолданып жақсы нәтижеге жетуге болады / 27/.
Контрактурамен күресу жағдайында зерттеушілер арнаулы аппарат жасаған, ол мөлшерлеп тыртықтанған ұлпаны дистракция жасайды / 28 /.
Жапон патенті / 29 / бойынша зақымдалған бақайдың бүккіш бұлшықеттерін және байламды арнаулы биологиялық материалдың бірнеше қабаттының ішіне салып, штифтермен бекемдейді. Мұндай жалғауда, бақайдың бүккіш бұлшықеттерімен байлам тез арада механикалық әсерді көтере алады.
Жылқылардың аяқ буынының бақайдың бүккіш бұлшықеті мен байламдарының контрактурасының алдын алу үшін 5 % диметилсульфоксид ( ДМСО), 1 % иод ертітінділерін емге қолдануға болады. Бұл дәрілердің қабынуды тоқтататын, ұлпаларға жылдам әсер ететін, транспорттық, бактерицидтік және анестезиялық қасиеттері бар
/ 30 /.
Мысалы, соңғы ғылыми жаңа, сапасы жоғары импорттық дәрілердің бірі, ол Хионат. Оның құрамына биотехнологиялық жолмен алынған гиалуронат натрий кіреді. Ол сульфатсыз гликозаминогликан қоспаларына жатады.
Хионат – жылқының аяқ буындарының синовиальдық сүйықтықты қоюлатады, синовиальдық мембрананың сұзгіш қасиетін өңдейді, синовиальдық сүйықтықтың құрамын бір қалыпты ұстайды, гиалин шеміршегінің құрамына кіреді, гиалин шеміршегін көректі заттармен қамтамасыз етеді / 31 /.
Екінші дәрі ол, Гиалаза – оның құрамында гиалуронидаза ферменті бар, оның ерекше қасиеті, ол дәнекер ұлпадан тұратын тыртықтарды – контрактураны ыдыратады.
Жылқылардың аяқ буындарының контрактурасында қазіргі уақытта , қолданатын дәрілердін атаулары санаулы, соның ішінде жоғары аталған екі дәрі / 32 /.
Үшінші белгілі ескі халық емдеу тәсілдердің бірі, ол күйдіру ( прижи -
гание ). Бұл тәсілді көбінесе жылқылардың аяқ буынының бақай бұлшықеттерінің, байламдарының контрактурасында қолданады. Осы кезде, темір сымды отқа қыздырып, немесе арнаулы құрал - термокаутерді қолданады. Жоғары температураның тітіркендіргіш әсерінен жергілікті дәнекер ұлпа дамыған жерге қанның келуі ұлғаяды, сонымен бірге лейкоциттер келеді, яғни жергілікті ұлпаның қорғаныс күштері дамып, көтеріледі, ал дәнекер ұлпаның мөлшері азайып, жойылады . / 33 /.
Төртінші болашағы мол дәрілердің бірі, ол диметилсульфоксид (ДМСО).
Бұл дәрі органикалық ерітінділерге жатады, ұлпаларға жылдам сіңеді, қабынуды тоқтататын, ұлпаларға жылдам әсер ететін, транспорттық, бактерицидтік және анестезиялық қасиеттері бар. Диметилсульфоксидтке көптеген бактерицидтік, фунгицидтік, инсектицидтік, дератизациялық , иммуностимуляторлық және басқадай қасиеттері бар дәрілік өсімдіктерден алынатын биологиялық заттарды қосуға болады / 34,35, 36, 37/.
Жылқының аяқ тұсамыс буынының бақайдың бүккіш бұлшық етінің, байлам аумағында көп мөлшерде дәнекер ұлпа өсіп (контрактура) , дамығанда, бұл жерде тенэктомия тәсілі қолданылады, яғни операциялық алаң дайындалады, белгілі антисептикалық дәрілермен өңдейді, жансыздандыру жасалады және тіліп - кесіп дәнекер ұлпаларды жояды / 38 /.
Балауы Жылқының аяқ тұсамыс буынының бақай буынының бүккіш бұлшықеттерінің байлам контрактураларының алдын алу, ол жануарлардың буындарының жіті жарақаттарын – ұрылған, соғылған, құлаған, секірген ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады