Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы

Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды  инновациялық дамуы казакша Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды  инновациялық дамуы на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………....3

1 ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қоғамның индустриалды дамуының тарихи-теориялық,эволюциялық негіздері...............................................................................................................6
1.2 Индустриалды дамудың экономикалық,құқықтық механизмдері.................16
1.3 Ұлттық экономиканың индустриалды дамуы оны жетілдірудің әлемдік тәжірибе.................................................................................................22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ –ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ; ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
2.1 Қазақстан Республикасынның индустриасын қайта құрылымдаудың қажеттілігі және оны дамыту механизмдері....................................................31
2.2 Қазақстан Республикасында индустриалды-инновациялық стратегясы жүзеге асуы туралы............................................................................................47
2.3 Қазақстан Республикасында индустриалды саясатты дамуын жетілдіру жолдары.......................................................................................................45

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................................54
ҚОСЫМША

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үлгісін қалыптастыру алдағы жылдардың басты бағыты болып отыр. Экономиканың негізгі секторы болып табылатын өнеркәсіпті қайта индустрияландыру оның даму үрдістерін жеделдете түсетіні белгілі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосылған кұнының үлесі 30% құрайды. Соңғы жылдары қол жеткен табыстармен катар ол жерде орын алып келе жатқан кемшіліктер де аз емес. Өнеркәсіпте шешімін таппаған мәселелер макроэкономикалық, аймақтық-салалық және қаржы аясына теріс ықпалын тигізуде. Өндіргіш күштерді орналастырудағы аумақтық диспропорция, шикізаттық бағыттың басым болуы, толық өндірістік циклды интегралданған кешендердің аздығы, оңдеуші салаларда негізгі қорлардың тозу дәрежесінің 30-40 %-ды құрауы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым көпшілігінде икемді технологияның аздығынан нарық конъюнктурасының өзгерісіне тез бейімделе алмайтын өндірістік қуаттың 20-50% - дай ғана пайдаланылуы — өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді талап етіп отыр.
Ғаламдану үрдістері мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологиялық өндірісті қалыптастыру арқылы ғылыми деңгейі жоғары инновациялық бағытта өнім өндіру отандық өнеркәсіпке тез арада өзгерістер енгізуді қажет етуде.
"Жаңа экономика кең тұрғыда - бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан санаткерлік ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды" -деп Н.Назарбаев атап өткен.[1]
Сондықтан да өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын дайындау әлемдік экономикада болып жатқан үрдістерге сәйкес ішкі экономикалық проблемаларды шешуге бағытталады. Демек, ұлттық экономиканың индустриялық саясаты ауқымында өнеркәсіптің инновациялық, ұйымдастыру-технологиялық, құрылымдық деңгейін жаңа сатыға көтеру өзекті проблемаға айналып отыр.
Өнеркәсіпті дамыту бағдарламасының негізгі міндеттеріне отын-энергетикалық қуаттарды толық пайдалану, мұнай-химиялық өнеркәсіпті және оның негізінде әртарапты өнім өндіретін өндірістерді құру
(пласстмассадан тауарлар, лак, бояу бұйымдары, дөңгелектер резіңке-техникалық бұйымдар өндіру және т.б.), қара және түсті металл өңдеу салаларын (құбыр өндірісі, сортталған прокат, кабель өндіру және т.б.), мұнай-газ, металлургия, электроэнергетикалық және көлік кешендері үшін құрал-жабдықтар өндіретін өндірістерін жандандыру жатады.
Өнім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, амортизациялық саясатты жетілдіру, техникалық және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру - мүның бәрі қазіргі заманның талабы.
Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің түп қазығына технологиялық базис жатса, ал оны қалыптастыру үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарды жандандыру қажет болып отыр. Бәсекеге қабілеті жоғары сұраныс талаптарына сай келетін тауар өндіру үшін өндірістік кәсіпорындардың технологиялық деңгейі мен ғылыми жаңалығы бар өнім өндірумен ерекшеленетін өнеркәсіптің технологиялық базасын көтерудің экономикалық механизмін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ұлттық өнеркәсіптің нарықтық экономикаға бейімделуінде мемлекеттің ұстанған ұтымды бағытын теориялық және әдіснамалық түрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы кептеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды қолдануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың Д.Кейнс, А.Смит, Д. Рикардо, И.Шумпетер, П.Самуэльсон, К.Маркс сынды ғалымдарын жатқызуға болады.
ТМД елдерінде өнеркәсіптің салалары мен кәсіпорындарын жаңаша индустрияландыру мәселелерін әртүрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар көптеп кездеседі. Мемлекеттің экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға ету үшін жағдай жасау және өнеркәсіпте бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа арналған тауарлар, қызмет түрлерін көрсету өндірісін дамыту тетіктері жөніндегі пікірлерді ресейлік ғалымдар Л.Бокарева, А.Булатова, С.Батчиков, А.Вольский, В.Дементьев, Ю.Корнилов, Д.Львов, А.Лисенков, В.Мартынов, Е.Матросова, А.Пранович, А,Цыгичко, А.Шуваева өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.
Қазақстандағы экономикалық өрлеу үрдістеріне сай өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың негізгі басымдықтары мен бағыттарына жататын импорт алмастыру, құрылымдық-салалық, инновациялық, инвестициялық саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі экономист-ғалымдар О.Баймұратов, Е.Байбарақов, К.Бердалиев, Ө.Ескараев, Ж.Ихданов, Д.Қабдиев, М.Кенжеғозин, К.Қажымұрат, Н.Мамыров, Қ.Оқаев, К,Сағадиев, А.Сейітқазиева және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденімдері мен зертгеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әртүрлі тұстарын қарастырып, олардың тәжірибеде қолданыс табуына өз үлестерін косты. Соған қарамастан, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан нарық талаптары мен Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсіпті жаңаша индустрияландырудағы инновациялық, инвестициялық саясаттың маңыздылығын зерделеуді, Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтеру жолдарын анықтауды, оның ұйымдастыру-экономикалық, құқықтық тетіктерін жетілдіруді, инновациялық, игвестициялық ресурстармен қамтамасыз етудің жолдарын айқындауды талап етуде. Сондыктан да, аталған мәселені теориялық және әдіснамалық тұрғыда саралау қажеттігі дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына – ҚР-ның индустриасын құрылымын қайта құру, индустриалды даму саясатын жетілдіру арқылы өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің теориялық және әдіснамалык негіздерін қалыптастыру, оны жүзеге асырудың экономикалық,құқықтық механизмі бойынша нақты ұсыныстар жасау жатады. Аталған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:
индустрияландыру және қайта индустрияландыру үрдістерінін тарихи-теориялық мәселелеріне шолу жасау арқылы оның алғы шарттарын, кезеңдерін анықтау, қағидаларын бір жүйеге келтіру
- экономиканы әртараптандыру саясатына сәйкес өнеркәсіпті қайта индустрияландыру үрдістерін жүргізудегі мемлекеттің ұтымды
бағытын анықтау;
- Қазақстан индустриасының құрылымын құрылымдау қажеттілігі;
- өнеркәсіптің индустриялык, деңгейін көтерудің экономикалық механизмін және құқықтық механизмдерін жетілдіру және мемлекеттік қолдау тетіктерін ұсыну;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне отандық және шетелдік экономикалық мектептердің өнеркәсіпті дамыту және оны жаңа индустриялық деңгейге көтеру жөніндегі ізденістері мен зерттеу нәтижелері алынды. Ұлттық өнеркәсіпті өркендетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген жарлықтары, заңнамалық және нормативтік-қүқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары кеңінен колданылды.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің салалары мен өндірістік кәсіпорындары жатады.
Зерттеудің пәніне индустриалды дамудың экономикалық,құқықтық механизмін жүзеге асырудан туындайтын ұйымдастыру-экономикалық, қатынастары жатады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
-экономикалық жүйені индустрияландыру және қайта индустрия-ландыру үрдістерінің тарихи-теориялық мәселелері жаңа экономикалық жағдайда зерделенді;
- индустрияландыру үрдістерінің мазмұны кеңінен ашылып, алғашқы рет оның даму кезеңдері, алғы шарттары, қағидалары эволюциялық негіздері талданады
-ҚР индустриясын қайта құрудың қажеттілігі және оны дамыту механизмдері. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Экономика дипломдық жұмыстар, Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы, дипломдык Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском дайын дипл, Дипломдық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы индустриалды инновациялық дамуы дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін