Дипломдық жұмыс: Журналистика | Өмір жүйесі

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Өмір жүйесі казакша Дипломдық жұмыс: Журналистика | Өмір жүйесі на казахском языке

Кіріспе
Донорлық - әрбір адамның азаматтық борышы ғана емес, сол адамның денсаулығының кепілі де. Мәселен, Еуропа елдерінде көптеген қоғам қайраткерлері, кино, эстрада жұлдыздары белсенді қан тапсырып, өзгелерді де осындай қайрымдылық жасауға үндейді. Өз елдеріндегі донорлық қауымдастықтармен қоян-қолтық жұмыс істеп, олардың дамуына қолдау көрсетеді.
Донорлардың тағдыры әр түрлі болғанмен, атқаратын қызметтері ортақ. Олар қан беру арқылы өзге біреудің өмірін сақтап қалады. Өмір мен өлім арасында арпалысып жатқанда өздеріне қан берген донорларға миллиондаған адамдардың айтар алғысы зор.
Ақысыз қан тапсырған азаматтардың әрекеті ерлікпен пара-пар. Өйткені, сіз берген қан өзге адамның тамырымен жүгіріп, жүрегінің онан әрі дүрсілдеп соғуына көмектеседі. Жалын отын онан әрі жандандырады. Көңілдегі күдікті сейілтіп, езуіңе күлкі, қуаныш сыйлайды. Өміріне араша түскен донорды ешкім де ұмытпайды. Керісінше, Алладан сол қайырымды жанның бас амандығын тілеп, өмірінің ұзақ болуын тілейді.
Құдай бетін әрі қылсын, бірақ, қалада бір төтенше жағдай, терракт бола қалған жағдайда зардап шеккендерге қан беріп көмектесуге кез келген адам дайын тұрары хақ. Өзгенің өмірін сақтауға тырысқан адамдар қан тапсыру үшін кезекке де тұрар. Бірақ, өкінішке қарай, донорлардың саны бейбіт кезеңде сирек. Біз мыңдаған адамның қан компоненттеріне зәру екенін біле тұра, қан тапсыруға келгенде селқостық танытамыз. Ал біз берген қан біреудің өмір сүрсем деген соңғы үмітінің ұшқындауына септігін тигізеді.
Техника қанша дамыса да, донордың қанын жасанды түрде өндіру мүмкін емес. Осы ретте, айта кететін бір жайт, адамзат тапсырған қанның барлығы бірдей пайдаға аспайды. Белгілі мөлшердегі дозаны компонентттерге бөледі. Соның ең маңыздысын науқасқа құяды. Яғни бір донор тапсырған қан бірнеше адамның өмірін сақтауға көмектеседі. Сол үшін медицина мекемелерінде қан қоры жеткілікті болуы тиіс. Қан қабылдау қызметі өз еркімен қан тапсырамын деушілерді арнайы тексеруден өткізіп, ауруханалардың қанмен қамтамасыз етуді қадағалап отырады.
Қан тапсыру - салауатты өмір салтын сақтаудың бірден-бір жолы. Еліміз бен шет елдерде жасалған зерттеулердің қорытындысы қан тапсырудың денсаулыққа пайдасын әлдеқашан дәлелдеп берді. Яғни, өткізілген қанның орнына жаңа қан толып, қай айналымы жақсы жүреді. Жиі қан тапсыру адамның инфарктқа ұшырауын бес есеге азайтып, өмір сүруін ұзартады. Оған қоса, донор қан өткізген сайын ағзасының қалыпты жағдай екенін бақылауда ұстайды. Кез келген донор қан тапсырмас бұрын медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, алдын-ала медициналық тексеруден өткен соң ғана олардан қан алынады. Донордың денсаулығы туралы ақпарат құпия күйінде сақталады. Дегенмен, өзге адамға көмектескісі келетін донордың өзінің денсаулығы дұрыс болуы тиіс. Өйткені, қанының сапалылығына бірінші кезекте донор жауапты. Ең бастысы, науқастардың сау адамның қанына зәру екенін ешқашан да жадымыздан шығармағанымыз жөн.
Адеби сценарий
Қайырымдылықсыз әлем қараң... Қайырымдылықсыз пенде ғұмыры харам... Осыны түйсінген адамзат баласы игі іске икемді. Скаковский Александр Николайұлы жақсылық жасаудың ең сауабтысы - қан өткізу деп есептейді. Ол өзі дәл қазір жеті жүз жетпіс алтыншы рет күре тамырынан қан беруде.
Қан – тіршілік көзі. Сансыз қозғалысқа түсіп, бойымыздағы әрбір мүшеміздің жасушаларын қоректендіретін де, ағзамызға жан бітіретін де сол қызыл сұйықтық. Қызметі күрделі-ақ. Тынымсыз түйіршіктер айналдырған 10 минуттың ішінде бүкіл өн бойымызды аралап шығады. Жай араламай, оттегін тасымалдайды. Жасушалардың тыныс алуына жағдай туғызады. Ағзамыздың қорғаныс қабілетін күшейтеді. Бір ғана сұйықтық біздің ағзамызда осыншама күрделі жұмыстарды атқарады. Бұл – жаратылыс заңы... Алайда заңдылықтың да бұзылуы әбден мүмкін.
Тамшыдай қан жетпей жан тапсырғандар қаншама... Қаншама адам қанға зәру күйде аурухана төсегіне таңылған...
Қан аурулары сан түрлі. Соның ішіндегі көңілге үрей ұялататыны – ақ қан ауруы. Медицина тілінде оны лейкемия деп атайды. Бүгінгі таңда біздің елімізде осы ауруға шалдыққан балалардың саны мыңнан асады. Қандай өкінішті... қаншама бүлдіршіннің нағыз алаңсыз балалық шағы азаппен өтуде... Ирина 6 жаста. Ауруханада жатқанына жарты жылдай уақыт өткен.
Алғашында анасы кішкентай ғана құлыншағының аты жаман ауруға шалдыққанын сезбепті де. Қызының бұл халін анасы неге жоритынын білмеген. Ақыры ақ қан екені анықталды. Содан бері бала көңілі жүдеу, ана көкірегі қайғы-қасіретке толы.
Иринаның қаны бірінші топтың өте сирек кездесетін түрінен екен. Сондықтан қан тапшы. Қаршадай қыз өзіне санаулы болса да, қайырымды жандардың қан бергенін жақсы біледі. Бойына құйылған әрбір тамшыға кірпік қақпай қарап жатады... Бір тамшы қан – тағдырды құтқарар таудай жақсылық... Әттең, осындай ұлы іске ұмтылатындар аз...
Жан сақтау бөліміне түскен жанның бәріне қан керек. Мына, кішкентай ғана тіршілік иесіне қараңызшы. Оның да ағзасы сол қызыл сұйықтыққа зәру. Ол да өзінше өмір үшін күресуде. Ана құрсағынан 500 грамм болып туылған бұл шақалақты аман алып қалуға болады. Тек қажетті қан тобы табылса болғаны. Анаға да... балаға да...
Рапидом дети в колидоре.....Қарбалас тіршілік қайырымдылықты ұмыттырады. Күнкөріс қамымен қоғамдағы көмекке зәру жандарды есімізге де ала бермейміз... Бірақ ОЛАР көп... Олар БІЗБЕН БІР ҚОҒАМДА өмір сүріп жатыр. Олар БІЗДІҢ көмегімізге мұқтаж...
Бір тамшы қан... Бәлкім, біреу үшін ештеңе де емес...Ал БІР жандар үшін ОЛ – ҮМІТ... ОЛ – ӨМІР...
Ирина үшін де бір тамшы қан қасқалдақтың қанындай қымбат еді. Алайда...

Аннотация

Қан құю жүйесі – бұл өмір мен өлім арасындағы өзіндік арна. Науқас үшін оның әрбір тамшысы қымбат. Қан ауруына шалдығудың көптеген жолдары бар.Бірақ, фильмде бұл емес, оны қалай емдеп-жазу жайлы айтылмақ. Өмірде бұл істің тек дендеген дертке дауа қылатын жалғыз ғана жолы бар.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ СМЕТАСЫ:

№ Шығындар атауы Өлшем бірлік Бағасы Саны Барлығы
Жалға алу
1 Көлікті жалға алу және бензин Күніне 1 500 10 15 000
2 РҚО(Республикалық Қан Орталығы) жалға алу Түсірілім объектісі ----- 3 15 000
3 Камераны жалға алу Бір ауысым 10 200 10 102 000
4 Монтаж үстелін жалға алу ------ 1 2 000
5 Жарық құралдарын жалға алу Барлық түсірілімде ------- 1 15 000
6 Микрафонды жалға алу ауысым 1 200 5 6 000
Барлығы: 155 000
Құрал-жабдықтар шығыны
7 Кассеталар ( мастер, мастерге дейінгі, түсірілім барысындағы) Дана 1500 9 13 500
8 Реквизиттер ( хирургиялық маскалар, система) Дана ------ ----- 3 000

Барлығы: 16 500
БАРЛЫҒЫ 171 000

«Өмір жүйесі» атты диплом жобасын орындаудағы
күнтізбелік жоспар

Өткізілу шаралары Уақыты Қорытынды
Нысана 1. Педиатрлық және баларлар хирургиясының ғылыми орталығы

Түсірілім 1. Аурхана
№ 8 палата. Төсекте қан құйылу жүйесін қабылдап жатқан қыз жатыр.


2.03 – 4.03.09
Балаларға қан құйылады. Яғни, Ирина атты қыздың (фильмнің басты кейіпкері) сол қолына жүйе арқылы қан құйылып жатады.
Нысана 2.
(Республикалық Қан Орталығы)

Түсірілім 2. Қан алу

5.03. – 6.03.09 Дәрігерлер өз еркімен қан беретін донарларлардың қажеттігі жайлы сұхбат беруде. Қан сақталатын тоңазытқыштарын көрсетуде. Скаковский А.Н сұхбат береді
Нысана 3. Республикалық қан орталығы
Түсірілім 3. Басты кейіпкерлер бас дәрігердің қабылдауында
10.03-11.03.09 Бас кейіпкерлер мен қалалық қан құю орталығының бас дәрігері сұхбат беруде.
Нысана 4
Түсірілім 4. Қанға зәру жаңа туылған балалардың көрінісі

12.03.09 Бас кейіпкерлер дәрігердің қабылдауында, аналар өздерінің уайым-қайғысын бөлісіп сұхбат беріп отыр.

МОНТАЖДАУ КЕЗЕҢІ
13.03.09 Фильмге қажетті кадрлерді іріктеу.
Материалды сараптау

МОНТАЖДАУ КЕЗЕҢІ 14.03.09 Деректі фильмнің алғашқы материалы. Жолдық монтажда материалдың құрастырылуы.

Дипломдық жұмысты откізу
15.06.09 «Өмір жүйесі» атты дипломдық жұмысы қорғалады.
Қоюшы оператор: Мақсат Айдын
Алматы 2009

№ ПЛАН КАДР МАЗМҰНЫ Х/Р ДЫБЫС
1 Шапка
Т. Қ. Жүргенов атындағы
Қазақ
Ұлттық Өнер Академиясы
3 сек.
2 Кино және телевизия факультеті 3
3 Мирғалым Есіркеповтың шеберханасы

Бакеева Мадинаның
дипломдық жұмысы 3
4 Қара фонда қызыл әріптермен «Өмір жүйесі» атты диплом тақырыбы жазылады.
ЗТМ 5сек ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Өмір жүйесі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные Журналистика работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар дипломдық жұмыстар, Өмір жүйесі, дипломдык Өмір жүйесі жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные Журналистика работы проекты на казахском дайын дипломдык жумыстар жобалар дипломдық, Дипломдық жұмыс: Журналистика | Өмір жүйесі дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін