👈 қаріп өлшемі 👉

Дене шынықтыру | Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері

 Дене шынықтыру   | Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері

Мазмұны

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 7

1 ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЛТТЫҚ СПОРТ
ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ............ 10
1.1 Салауатты өмір салтты дамытудағы педагогикалық мәселелер............. 10
1.2 Ұлттық спорт түрлерінің, ойындарының жастардың салауатты өмір
салтын дамытудағы орны мен рөлі ................................................................ 22
1.3 Жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы ұлттық спорт түрлерін қолданудың мүмкіндіктері.............................................................................. 32

2 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ МЕН ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСТАРЫ........................................ 43
2.1 Жастардың салауатты өмір салтын дамытуда ұлттық спорт түрлерін
қолдану әдістері ............................................................................................... 43
2.2 Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың
салауатты өмір салтын қалыптастырудағы инновациялық технологиялары................................................................................................. 54
2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстары арқылы зерттеу жұмысының нәтижесін тексеру ............................................................................................ 65

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................ 81
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................... 83

Тақырыптың көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының келешек даму стратегиясындағы басымды бағыттардың қатарына Қазақстандық барлық қоғам өкілдерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азаматтардың әл-ауқатының жақсаруы және білім беруді жетілдіру мәселері жатады. Бұл жайында ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан -2030» дамуы [1] жоспарында баяндалған. Бұл бағыттар халықтың тарихи дамуы барысындағы жағдайдың ерекшелігі өз өмірі құрамыңдағы этностық және конфессиялық түрлі тектілікті тарихи қоғамдастық тағдыры, олардың үлкен территориялық аймағы мен халық санының аздығы, сонымен қатар елдің көптеген азаматтарының табиғи байлық көздеріне, таланттар мен мамандардың кәсіптік шеберлігіне қарамай сәйкес келмейтінін айта кету керек [2].
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді.
Адамдардың өз денсаулығына қатынасы олардың мінез-құлқы арқылы көрініс тауып, белгілі дәрежеде 49-53% - зерттеушілер мәліметі бойынша «дені сау болу, әлде сырқаттану» дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын насихаттаушы танымал ғалым В.М.Димов [39] әрбір адам денсаулығын нығайтатын немесе денсаулығын бұзатын мінез-құлыққа ие болу мүмкіндігі бар екенін атап көрсетеді. Өз денсаулығына деген мұқият қарым-қатынасты тәрбиелеуге болады: отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және кәсіптік оқу орындарында. Дегенмен, «... денсаулықтың қадірі өлім елесі жақындай түскен сайын белгілі болмақ» Академик Н.М.Амосов өз денсаулығың туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап көрсеткенімен, өмір шынайылығы өз денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы тәрбиелік шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.
Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе (туберкулез), ВИЧ - жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркениеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді: (экологиялық жағдайдың нашарлауы; стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкогольдіктер мен нашақорлыққа әуестенуі).
Ерекше қауіп тудырып отырған нәрсе ертеректе тек егде жастағы адамдарда кездесетін аурулардың «жасаруы». Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жүргізілген медициналық зерттеулер «... 2002 жылы 933912 (53,8%) тұлғанын денсаулық күйіңде түрлі патологияның бар екенін көрсетті, соның ішінде әр жетінші оқушыда ас қорыту органдары мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің аурулары, әр тоғызыншы оқушыда - жүйке жүйесінің аурулары, әр оныншы оқушыда - тыныс алу органдары мен эндокриндік жүйе аурулары байқалады». 2002 жылдың бірінші жарты жылында өкпе ауруымен 1110 оқушы (ҚР барлық ауырғандардың 8,4%), сары аурумен 31,2 %, соның ішінде Шымкентте 83,1%».
Оқушылар арасында темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жағымсыз жайттар шұғыл орын алып тұр. «... 14 жасқа дейінгі оқушылардың 10% темекі тартса, 20% ішімдіктер ішеді». Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық - індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі...» Оқушылардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп, олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі, ерекше түрде мұндай жағдайлар ауылдық жерлер.
Анықталған деректер жергілікті тұрғындарды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепт және мектептен кейінгі жастарды тәрбиелеу жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отырғандықтан, бұл тақырыпты «Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздері» деп таңдап алуымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі – оқушы жастардың салауатты өмір салтын дамыту процесі.
Зерттеу пәні – ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру жүйесі.
Зерттеу мақсаты – жастардың салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы қалыптастыруы теориялық негіздеу және әдістемесін жасау болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1. Проблеманың теориялық негіздерін педагогикалық тұрғыда зерттеу;
2. Жастардың салауатты өмір салтын дамытудағы ұлттық спорт түрлерін қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
3. ұлттық спорт түрлерін жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолдану әдістерін, инновациялық технологияларын ұсыну;
4. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін эксперименттік тексеру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, спорттық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; оқу-тәрбие орындарының тәжірибелерін зерделеу,талдап қорыту; диагностикалық әдістер(сауалнама,сұхбат, бақылау, тестілеу); тұжырымдау, жинақтау, педагогикалық эксперимент, материалдарды өңдеу.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ондағы ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолданудың орны мен рөлі педагогикалық тұрғыда негізделді.
2. Салауатты өмір салтын жастар арасында ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін қолдану арқылы қалыптастыру мүмкіндіктері анықталды.
3. Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдерін жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолдану әдістері ұсынылды.
4. Эксперимент арқылы ұсынылған әдістеменің дұрыстығы дәлелденді.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жалпы мектептер мен спорт мектептерінде зерттеу нәтижелерін оқу-тәрбие үрдісіне практикалық тұрғыда пайдалана білуде болып отыр. Түрлі ұлттық спорт түрлерінің салауатты өмір салтты дамытудағы мүмкіншіліктері, оларды қолдану әдістері ұсынылды.

1 ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Салауатты өмір салтты дамытудағы педагогикалық мәселелер

Өскелең ұрпақтың денсаулығының бүгінгі таңдағы жағдайы еліміздің тұрғындарының денсаулығы мен жарқын болашақтағы еңбек потенциалын дамытудың негізгі басымдылығын анықтайды. Айтылғандарға байланысты, балалар мен жеткіншектердің денсаулығына қамқорлық жасау мемлекеттің алға қойған маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Сонымен, ҚР Үкіметінің 3.12.1997ж. №1678 Қаулысына сәйкес «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен жағдайы», «Қазақстан-2030 даму стратегиясы» ұзақ мерзімді приоритетін жүзеге асыру мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру Қызметі құрылды, бұл оңғы жеті жылда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ел тұрғындарының ауруын ескерту мен денсаулығын нығайтуда белгілі табыстарға қол жеткізді.
Бұдан басқа, «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясымен» анықталған басты міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚР Үкіметінің «Салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтану концепциясы» (№710. 7.06.1999ж) мен «Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы» (№905.30.06.1999ж) бекітілді, бұлар 2010 жылға дейінгі кезеңдегі іс-әрекеттің басым бағыттарын анықтайды. Денсаулық сақтау комитетінің, ҚР білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау Министрліктерінің 1998 жылғы 23 шілдедегі № 282 республикадағы қызмет көрсету мекемелерінің жүйесі мен құрылымын, негізгі қызметтері мен мүмкіндіктерін анықтайтын «ҚР медициналық профилактика мен салауатты өмір салтын қалыптастыруды жетілдіру бойынша іс-шаралар туралы» бұйрығы шықты.
1999 жылы 19 сәуірде №199 алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіндегі мекемелердің жүйесін құру туралы ережені мазмұндайтын «Республикада денсаулықты нығайтудың аудандық (қалалық) орталықтарын құру туралы»; 1998ж. 4 желтоқсан №594 «Салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындау туралы»; және 1999ж. 22 қаңтар №83 «салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша мамандар дайындауға Мемлекеттік тапсырыс туралы» заңдары аймақтарды мамандармен қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік тапсырысты үздіксіз дайындау бойынша шығарылды. Ұлттық Орталық білім беру жүйесі мамандарының қатысуымен мектепке дейінгі мекемелер үшін, сондай-ақ, жалпы білім беретін мектептер мен орта арнаулы және жоғары оқу орындары үшін «валеология – қалай дені сау болуға болады» оқу бағдарламасын оқушылар мен мұғалімдерге көмек құралы ретінде қосымшалай отырып шығарды.
Сонымен бірге, оларды, яғни, ҚР білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің 1998 ж. 24 қарашадағы № 572 «Республикамыздағы жалпы білім беретін мектептерде «валеология – қалай дені сау болуға болады», 1998ж. 28 желтоқсандағы №620 «Жоғарғы оқу орындарындағы оқу процесінде ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы