Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру

Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру казакша Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру  | Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру на казахском языке

Мазмұны

КІРІСПЕ..................................................................................................................

1. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ АРҚЫЛЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ...........................................................
1.1 Халық мәдениетіндегі қазақтың қозғалмалы ойындарының әдістемесінің ерекшеліктері...........................................................................................................
1.2 Халықтық педагогика тәсілдерін салауатты өмір салтын қалыптастыру барысында денешынықтыру сабақтарында пайдалану.....................................
1.3 Болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың мазмұны және мәні ........................................
1.4 Оқу тәрбие үрдісінде халықтық педагогика материалдарын болашақ мамандарға дене тәрбиесін беруде пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері
мен бүгінгі жағдайы...........................................................................................

2 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ......................................................
2.1 Жастарда салауатты өмір салтын қалыптастырудың тарихи- педагогикалық мәселелері....................................................................................
2.2 Денсаулық пен салауатты өмір салтын сақтау проблемасының бүгінгі жағдайымен мүмкіндіктері...................................................................................
2.3 Шығыс ойшылдарының тәрбие мен салауатты өмір салтына деген көзқарастары..........................................................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы» - қалыптасқан Қазақстан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген.
Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Жас ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің ең қолайлы тәрбие құралдардың бірі қазақ тілі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан халқының болашағының жарқын болуы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Пайдалы жақтарына: ұлттық ойындар арқылы халықтың тарихи қалыптасқан салт- дәстүрлерін жеткізуші ретінде көрніс табуы, ұлттық тілді дамыту ісінде қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді. [1]
Салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттілігі түрлі жастағы адамдардың өз денсаулығына деген шынайы қатынасына байланысты. Осы мәселелер жайлы статистикалық материалдар мен ғылыми жарияланымдарда тіркелген көптеген жағымсыз фактілер белгілі болып келеді.
Адамдардың өз денсаулығына қатынасы олардың мінез-құлқы арқылы көрініс тауып, белгілі дәрежеде 49-53% - зерттеушілер мәліметі бойынша «дені сау болу, әлде сырқаттану» дилеммасын анықтайды. Салауатты өмір салтын насихаттаушы танымал ғалым В.М.Димов әрбір адам денсаулығын нығайтатын немесе денсаулығын бұзатын мінез-құлыққа ие болу мүмкіндігі бар екенін атап көрсетеді. Өз денсаулығына деген мұқият қарым-қатынасты тәрбиелеуге болады: отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, жоғары және кәсіптік оқу орындарында. Дегенмен, «… денсаулықтың қадірі өлім елесі жақындай түскен сайын белгілі болмақ» Академик Н.М.Амосов өз денсаулығың туралы бала кезден ойлану қажеттілігін атап көрсеткенімен, өмір шынайылығы өз денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы тәрбиелік шаралардың тиімсіздігін көрсетіп отыр.
Статистикалық материалдар мен бірқатар зерттеу жұмыстары соңғы жылдардағы Қазақстан Республикасында өкпе (туберкулез), ВИЧ - жұқпалы індеттері, жыныс және жүрек-тамыр аурулары, түрлі қан және зат алмасу ауруларының өрши түскенін көрсетіп отыр. Мұндай өзгерістерді көпшілік қазіргі өркенниеттің жағымсыз әсері деп түсіндіреді (экологиялық жағдайдың нашарлауы, стрестік жағдайлар, құнарсыз және жеткіліксіз тамақтану, жастардың темекіге, алкогольдіктер мен нашақорлыққа әуестенуі).
Оқушылар арасында темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық сияқты жағымсыз жайттар шұғыл орын алып тұр. «… 14 жасқа дейінгі оқушылардың 10% темекі тартса, 20% ішімдіктер ішіді». Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық - індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі…» Оқушыларлың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп, олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі, ерекше түрде мұндай жағдайлар ауылдық жерлер мен тозығы жеткен, болашағы жоқ қалаларда орын тепкен. Республикада 13,7 мың мектеп жасындағы балалар тұратын 500 елді мекендерде осы күнге дейін мектеп атымен жоқ».
Анықталған деректер жергілікті тұрғындарды сауықтыру проблемасына жүйелі түрде қарау қажеттілігіне баса назар аударумен бірге, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқу-тәрбие жұмыстарында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне де көңіл бөлу қажеттілігі белгілі болып отыр. Осы проблема бойынша мектеп, орта және жоғары оқу орындарында жүргізілген зерттеулер негізінде бірсыпыра жарияланған материалдар бар.
Түрлі жас топтарына сәйкес тұрғындарды әлеуметтік медициналық тұрғыдан қамтамасыз ету және салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемасы А.А. Ақанов, Қ.А.Төлебаев еңбектерінде өз көрінісін тапты, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері де жемісті еңбектеніп келеді. Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне К.К. Сатпаева, Г.К. Нұрғалиева, Л.З. Тель және тағы басқалар үлкен үлес қосты.[2]
Зерттеуші ғалымдар адамдардың өмір салты мен денсаулығы арасында тығыз байланыс бар екендігін және ол көп жағдайда қозғалыс белсенділігі мен құнарлы тамақтануға тәуелді екендігін атап көрсетуде. Дегенмен, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруды ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы іске асыру мәселесі жан-жақты зерттеу мен талқылау нысаны ретінде қарастырылған жоқ еді. Әлі де болса ұлттық спорт түрлерін насихаттап келе жатқан спорт мектептеріне арналған бағдарламалар жасала қойған жоқ, оған қоса ұлттық спорт түрлерінен өткізілетін жарыс ережелері де жетілдіруді қажет етеді. Және ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық жағдайлары мен тәрбиелеу модельдері жасала қойған жоқ. Біздің елімізде әлі күнге дейін ұлттық спорт түрлері мен халықтық ойындарды дамытудың тұжырымдамасы жоқ.
Осылайша, бір жағынан салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы жастардың денсаулығын нығайту қажеттілігі туындаса, екінші жағынан салауатты өмір салтын ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы қалыптастырудың ғылыми түрде негізделген әдістемесінің жоқтығы проблемалық жағдай туғызып отыр. Көрініп тұрған қайшылық проблеманың көкейкестілігін де көрсетіп отыр. Сондықтан да зерттеу тақырыбы «Ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі» таңдап алынды.
Зерттеу нысаны - оқушы жастардың оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні - жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты - жастардың ұлттық спорт түрлерінің тәсілдері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін жасау болып табылады.

1 ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Халық мәдениетіндегі қазақтың қозғалмалы ойындарының әдістемесінің ерекшеліктері

Білім беру мен тәрбиелеудің міндеттерін шешуде маңызды орындардың бірі дене шынықтыруға бөлінеді. Бүгінгі таңдағы дене шынықтыру көп қырлы құбылыс болып табылады, өз құрамында бірсыпыра бағыттарға, сабақ түрлері мен формаларына ие. Дене тәрбиесінің көптеген түрлерінің ішінде халық педагогикасына ерекше орын берілген.
Ұлттық спорт түрлерімен, ойындармен, билермен шұғылдану бос уақытты өткізуге көмектеседі, денсаулықты нығайтады және ең бастысы мінездердің қалыптасуына ықпал етеді.
Халық ойындары, спорт түрлері мен билері педагогиканың дәстүрлі тәсілдері болып табылады. Көп ғасырлардан бері оларда адамдардың өмір салты, олардың тұрмысы, еңбегі, халықтық тұғырнамалары, ар-намысы, ерлігі, ептілікке, төзімділікке, күшке ие болуға деген ұмтылысы, қимылдар жылдамдығы мен әдемілігіне, күле жүріп орындауға, шығармашылықты ақыл-ойға, тапқырлыққа, ерік күші мен жеңіске деген талпынысы көрінісін табатын. Халық ойындары мектеп оқушыларының интернационалдық тәрбиесі мен дене тәрбиесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олардың бойында өз халқының мәдениетіне деген тұрақты, қызықты, құрметтеу қарым-қатынасы қалыптасады.[3]
• Дене тәрбиесін оқытудың әдістемелік жүйесі бір-бірімен өзара байланысқан бес бөліктен тұратын құрылым: оқыту мақсаттары, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері. Әдістемелік жүйелер жалпы орта мектеп практикасында тәжірибеден өте отырып, көптеген жылдар бойында қалыптасады. Әдістемелік жүйені жетілдіру үрдісі төмендегі заңдылықтарға бағынады:
1. Әдістемелік жүйенің бір немесе бірнеше бөліктерінің өзгеруі оның қалған бөліктерінің немесе бүкіл әдістемелік жүйенің өзгеруіне әкеліп соғады.
2. Кез келген әдістемелік жүйе өзіне шешуші әсер ететін нақтылы өмірмен тығыз байланысты. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары алады, анықтап айтқанда жалпы орта мектептерде сол арқылы кез келген пәнді оқытудың міндеттері анықталады.
• Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің жалпы принциптерін қарастырайық. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары алатын болғандықтан, оны жетілдірудің негізгі ұстанымы мақсатқа бағыттау ұстанымы болады. Біртұтас әдістемелік жүйені немесе оның бөліктерін жетілдірудің бағыты мен сипаты оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
• Әдістемелік жүйені жетілдірудің келесі маңызды талабы, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі ұстанымы болып табылады. Білім оқыту мен тәрбиелеуден құралатыны белгілі, сондықтан әдістемелік жүйені жетілдіру үдерісінде оқытудың дидактикалық және тәрбиелік жақтарының бірлігін, педагогика мен психологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ескеру қажет.
• Әдістемелік жүйенің жеке бөлігінің өзгеруі, жүйенің біртұтас құрылым ретінде жойылуына алып келуі мүмкін. Жүйедегі өзара байланыстарды толық түрде ескеру қажет. Осыған байланысты өзара байланыс ұстанымын атауға болады. Оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің ұстанымдары Қ.І.Адамбеков, С.Тайжанов, А.Қарақов, С.Қасымбекова, Ж.К.Оңалбек, Б.Қ.Мухамеджанов және т.б. еңбектерінде қарастырылған. Бұл еңбектерде педагогикалық жоғары орындарының денешынықтыру және спорт мамандықтары студенттеріне денешынықтыру және спорт түрлерін оқытудың әдістемелік жүйесін қалыптастыру жолдары зерттелген.[4]
• Біздің елімізде, әлеуметтік және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы негізінде болашақ 12 жылдық білім беру мектебімен қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі – нарық жағдайына бағдарланатын, адамгершілігі мол, әлеуметті сауатты адамға қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыру. Оны шешу тек қана дене мәдениеті білімінің тұжырымдамалық, әдіснамалық, теориялық және дидактикалық негіздерінің жасалуына тікелей байланысты. [5]
Жалпы орта мектептің басты мақсаты- алдыңғы қатарлы жасөспірімдерді тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелілік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, оқушыларға дене тәрбиесін үйрету әдістері мен ер балаларды Отанды қорғауға дайындау. Білім саясатының өзекті мәселелері – жалпы орта мектеп қабырғасында кәсіптік бағдар негізінде болашақ мамандығын таңдауға даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның рөлін арттыру.
Жалпы орта мектепте білім берудің сапасын қамтамасыз етуде орта білімді дамытудың негізгі жолы мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру болса, қазіргі кезде жалпы орта мектептерде оқу-тәрбие үдерісінің жаңа тәсілдері ұсынылып, жаңа талапқа сай бәсекеге қабілетті мемлекеттің болашақ қоғам мүшесін дайындау үлгісі жүзеге асырылатын болады.
Жалпы орта мектептегі дене мәдениетінен білім беру және оның қоғамдық құрамдас бөлігі – дене тәрбиесі сабағы негізінде мектеп оқушыларының жеке приоритетті қабілеттерін жетілдіруге, өзін-өзі тәрбиелеу және өзіне-өзі білім беру қызметтерін дамытуға, оларды азамат, зерделі оқушы ретінде қалыптастыруға бағытталған біздің мемлекетіміздің заңды құжаттарымен нақтыланып, рәсімделген.[6]
Денсаулығы мықты, дене сапалары, дене бітімі қалыптасқан оқушы ғана өз қимыл-әрекетін өмірлік маңызды міндеттерді шешуде шығармашылық бағыт ұстана отырып, белсенді өмір сүруге қабілетті болады. Дене мәдениеті білім мен тәрбие беру саласының басты міндеттерінің бірі бола отырып, мектеп оқушысының жеке тұлғалық жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне себепші болады.
Демек, жалпы орта мектептерде дене мәдениеті жєне спорт түрлері бойынша кейбір мәселелерді кешенді түрде зерделеу осы тұрғыда мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, қазіргі кезде зерттеу жұмысының көкейкесті талабы болып отырғанын айта кету керек.
• Оқушылардың дене мәдениеті бойынша білімі мен тәрбиесіне, олардың дене мәдениетін қалыптастыруға біршама ғылыми зерттеулер арналған. Алайда, аталған жұмыстарда жалпы орта білім беру мектептері оқушыларының дене мәдениетін қалыптастыру, олардың тұлғалық дамуын ескерумен байланысты ерекшеліктер жеткілікті ашылмаған. Сонымен қатар, мемлекеттің одан әрі дамуы, жақын болашақта дене тәрбиесі мен спорт саласында кәсіби іс-әрекетпен айналыса бастайтын оқушылар тұлғасының дене мәдениетінің қалыптасу деңгейіне тікелей байланысты болып отыр. Сондықтан жалпы білім беру жүйесінде еліміздің жалпы орта мектептерінде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру міндеті қойылады және білім беруде дене тәрбиесіне, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыру мен спортты дамытуға орай білім беру саласын реформалаудың маңызды баңыттарының біріне айналады. Осыған байланысты, жалпы орта мектептерде оқушыларға дене тәрбиесін оқытудың мақсаты, оларда дене мәдениетін қалпытастыру, заманауи технологиялар негізінде оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді қалыптастыру, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен еңбек етуге дайындау болып табылады.[7]
• Мектеп жасындағы балалардың денсаулық жағдайын жақсарту мақсатында: мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі даярлығы жөнінде ұсынымдар, оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу; 5-сыныптан бастап қыздар мен ұлдарды бөлек оқыта отырып, барлық жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесінен аптасына үш сабаққа көшу мүмкіндігін қарау; денсаулық жағдайына байланысты арнайы медициналық топтарға жатқызылған балаларға дене тәрбиесі жөнінде жағдай жасау мен сабақтар өткізуге баса назар аудару; балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарын құру арқылы жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабақтарының мазмұнын толықтыратын дене шынықтыруды ұйымдастырудың мектептен тыс нысандарын жетілдіру; жалпы білім беретін мектептерге спорт түрлері бойынша оқыту күні ұзартылған және оқу-жаттығу үдерісі тереңдетілген мамандандырылған сыныптар ашуды ұсыну қажет етуде.
• Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде оқушылар дене тәрбиесі алғашқы жаттығулары мен дене бітімімін жетілдіру тетіктерімен бастапқы танысуын және дене мәдениеті бойынша сауаттылығын жүзеге ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Дипломдық жұмыстар жинағы [тегін], дипломдык Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Дене шыныктыру дипломдық жұмыстар, Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру, дипломдык Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа сборник готовых дипломных работ на казахском языке скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казах, Дипломдық жұмыс: Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін