Дене шынықтыру | Дене тәрбиесінде спорттың және ұлттық ойындар арқылы дене мәдениетін арттыру

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы» - қалыптасқан Қазақстан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында біз бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, ұшқыр білімді ұлт болуымыз керек делінген.
Жолдауда тіл саясатына елді біріктіруші басты фактор ретінде басымдық берілген. Бұл орайда рухани негізіміз - қазақ тілі турасында айта келіп, Елбасы: «Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет», - деп көрсетеді. ҚР Президенті мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайта түсу қажеттілігін, қазақ тілін кеңінен қолдану бағытындағы кешенді шараларды тереңдете түсуді баса айтады. Жас ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің ең қолайлы тәрбие құралдардың бірі қазақ тілі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан халқының болашағының жарқын болуы үшін атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Пайдалы жақтарына: ұлттық ойындар арқылы халықтың тарихи қалыптасқан салт- дәстүрлерін жеткізуші ретінде көрніс табуы, ұлттық тілді дамыту ісінде қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді. [1] ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы