Амандық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 10
Өлеңдер: 29
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 1

Ержеткеннің ойлағаны – арамдық,Бойжеткеннің ойлағаны – амандық.
©  Ермахан Шайхыұлы
 Амандықсыз байлық еш нәрсе емес.
Басы аманның малы түгел,Елі аманның жаны түгел. 
Бас пен дене аман болса, тілек кетпейді,
Ер аман болса, тілегіне жетеді.
Аяқтың астында жатсаң,
Басың аман қалады.
Аман жүрген кезде асығыс жоқ.
Жамандықта ғана амандықтың қадірі өседі.
Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.
Амандық ағадан.
Басы аман, малы түгелдің,
Құдайымен ісі жоқ.