Қайсарлық туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 30
Өлеңдер: 1
Нақыл сөздер: 2
Әңгімелер: 1
Ертегілер: 1

Еруліге — қарулы.
Қылыш түбі — ұрыс.
Оқтаулы мылтық
Мың күн атылмайды,
Бір күн атылады.
Аянкестің белгісі —
Арықты да «жар» дейді.
Еркетайдың белгісі —
Кең дүниені «тар» дейді.
Қылыштың міндеті — кесу,
Қолдың міндеті — шешу.
Оқ-дәріңді отқа жақ.
Керуен басы білікті болса —
Көлік азбайды.
Қолбасы білікті болса —
Сарбаз тозбайды.
Желмен жарыспа,
Ноймен алыспа.
Қынапсыз қылыштан шошын,
Күтпеген ұрыстан шошын.
Қақпақты найзамен ашпас болар,
Күлді қылышпен шашпас болар.
Арзымасқа алдырма,
Аяғыңнан шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.
Ақ білектің күшімен,
Ақ найзаның ұшымен.
Шоқпарды сала білмеген,
Өзіне тигізер.
Инені ұстай білмеген,
Көзіне кіргізер.
Өзі саққа, құдай жақ.
Сойылды соңғы соққан жеңеді.
Тепсе темір үзетін —
Жас қолында күзетім.
Бұқа болар бұзау,
Биттейінен белгілі.
Батыр болатын бала,
Титтейінен белгілі.
Қамданған қапы қалмайды.
Күшті болсаң — нәпсіңді тый.
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қорқып, бұғып өлгенше
Тайсалмай, тауға шығып өл.
Белдескеннің белін үз.
Тайласқанның тайын үз.
Жағым сынса да, сағым сынбасын.
Тайынбаған тауды жығады,
Тайсалмаған жауды жығады.
Алыссаң — атаң болса да жық,
Аясаң, көтеріп жібер.