Қорқақ туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 35
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 7
Нақыл сөздер: 9
Әңгімелер: 7
Ертегілер: 3

 Қорқақтың қатыны болғанша,Батырдың жесірі бол
©  Самет Оқанұлы
Батыр соғыста,Қорқақ жанжалда.
©  Түркі халықтары
Қорқақтың әйелінен гөрі ержүректің жесірі болған жақсы.
Батыр соғыста,
Қорқақ жанжалда.
Қорқақ – қаққа шөгіп өледі.
©  Бауыржан Момышұлы
Қорқақ өз көлеңкесінен де қашады.
Көршің қорқақ болса,
Үрейіңді ұшырып бітеді.
Қорқақты қорқытпа,
Батыр болады.
Қорқақтық — өліммен ағайын.
Мұратқа жетер қорқақ жоқ.
Қорқақтың қатыны болғанша,
Батырдың жесірі бол.
Батырдың көзі өмірге түседі,
Қорқақтың көзі өлімге түседі.
Қорқақ тірідей өледі,
Жолдастары күнде көмеді.
Қорқақ қол бастамас.
Ер екі өлмейді, бір өледі,
Қорқақ шіркін күнде өледі.
Қорқақтың сылтау қойнында,
Басын сақтау ойында.
Бір қорқақтың кесірі мыңға тиер,
Жолдас болсаң қорқақпен - жаның күйер.
Қорқып бұғып өлгенше,
Тайсалмай тауға шығып өл.
Айға шапқан арыстан,
Ашуына болайын;
Жауға шапқан батырдың,
Тасуына болайын.
Үйде қалған қорқақтың
Сасуына болайын.
Есерсоқ батырдан, есті қорқақ артық.
Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Қаһарман бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.
Қасқырдан қорыққан
Тоғайға бармас.
Қорқақ ер болмайды,
Қола — зер болмайды.
Батыр жарқырап жүреді,
Қорқақ — қалтырап жүреді.