Өнер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 169
Жұмбақтар: 1
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 165
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 119
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 2
Әңгімелер: 28
Ертегілер: 4
Шығармалар: 3
Аңыздар: 3
Эсселер: 1

Сабақ беру – үйреншікті жай ғана нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Оқу, білім — жанған шырақ ойласаң,Үйренерсің, іздеп көрсең — қалмасаң.Қу өнерді, бу беліңді, жегер сал,Пайда аларсың, қаужанарасың, тоймасаң. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
...адам баласы ұшқыр ой, көп ақыл, өткіз сезім қайратының арқасында ғылым, білім, өнер тауып, өзгеден үстем дүние жүзінің қожасы болып отыр. 
©  Жүсіпбек Аймауытов
Өнер саясаттан тыс болуы керек. Егер өнер саясатпен айналысса, бұл енді өнер емес.
©  Бибігүл Төлегенова
Өмірде керемет өнер туындыларын ыңғайсыз жерде немесе мезгілсіз уақытта көргеннен асқан қателік жоқ шығар. Шекспир соның кесірінен талай таяқ жеген.
©  Агата Кристи
Мылтық - оқудан соңғы өнер.
©  Ақан Сері
Ақиық өнерменен түлкi алғанда,Соңынан шықылықтар сауысқандар.
©  Ақан Сері
Өмір мен өнер егіз, тығыз байланысты. Өмірге ілеспеген өнер өрге баспайды. Әдебиетшілеріміз өз шығармаларында бүгінгі күннің өзекті тақырыптарын..
©  Сарыбаев Қаныбек
Өнерде шəкірттік сезімін ұмытқан адам – ұстаз да бола алмайды. 
©  Әбіш Кекілбаев
Өнерде шәкірттік сезімін жоғалтқан адам ұстаз бола алмайды. 
©  Әбіш Кекілбаев
Ғылыммен, өнермен және ғасырлар бойы өмiр тәжiрибесiмен толыққан ақыл күштi де жеңедi. 
©  Виссарион Белинский
«Шын мәнінде ақындық әйелден бастау алған. Сезім, махаббат, өнер сияқты адами қасиеттер о баста әйелден пайда болды. Нақты дәлел ретінде «Бесік..
©  Тұрсынай Оразбаева
Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін..
©  Халел Досмұхамедұлы
Мен үшін айтыс - өнерімнің өлшеміндей. Ең бастысы, халқым мойындады, елім құрметтеді. Ең үлкен бәйгем де, бағым да – сол.
©  Әселхан Қалыбекова
Ой болу керек. Өлең сөзді өзге сөздермен былғамау қажет. Өнер тазалығы, тіл тазалығы сақталуы тиіс.
©  Әселхан Қалыбекова
Айтыс та – көкпар сияқты қазақтың төл өнері.
©  Әселхан Қалыбекова
       Халқымызда «Өнерді үйрен де, жирен!» деген даналық сөз бар. Оның мағынасы өнерді үйрене сала..
©  Әбдінағым Көшер
Шахматтағы ең үлкен өнер-қарсыласқа не істей алатындығын көрсетпеу.
©  Гарри Каспаров
Елдің ұйытқысы – бірлік. Бірлік ақыл-парасаттан туады.  Көзің жетпейтін істе үнсіз қалудың өзі өнер.
©  Хамза Көктәнді
Өкінішке орай, бүгінде өнер жөнінде мәні мен мазмұны бар мақалалар басылмайды.
©  Әлібек Дінішев
Өнер – киелі нәрсе. Оның құлы болған кісі ешкімге бағынбайды.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Қаламгерлер мен өнер адамдары – халық айнасы.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Талант деп өнері мен ақылын қоса іске асыра алатындарды айтамыз.
©  Ханбибі Есенқарақызы
Өнерлінің - өкініші көп,Өнерсіздің - өкініші жоқ.
©  Иүгінеки Ахмед
Бұ дүние - өнерліге өгей-ді,Қамсыз адам өнері жоқ көбейді.Өнер дәулет әкелмейді кісіге,Сол-ақ қиын, сонда кімдер жебейді.
©  Иүгінеки Ахмед