Борыш туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 4
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 15
Нақыл сөздер: 7
Шығармалар: 3
Аңыздар: 1

Мен үшін ақша — орындалған борыштың жетістігі. 
©  Рэй Крок
Ақындық – табиғаттың саннан таңдап бірен-саран адамдарға беретін артық өнері. «Көп берілгеннен көп сұранады» деген нақылды ескертіп, аяғына дейін..
©  Халел Досмұхамедұлы
Қоғамның дамуы барысында пайда болған жетістіктер мен түйткілдерге дер кезінде үн қатып отыру қаламгерлік те, азаматтық та борыш.
©  Қайырғали Медет
Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі. 
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Айнымай тұтқан жолың болсын мынау -
Азаттық, ағайындық, тендік сұрау.
Тайсалмай дұрыстыққа жаның қисаң,
Борышы адамдықтың сонда тұр-ау.
©  Міржақып Дулатұлы
Келген қонаққа достық көңіл, қонақжайлық пейіл таныту - үй иесінің борышы.
©  Тоқсары
Адамның ең биік жетістігі – адамдық борышты атқару.
©  Нельсон Мандела