Бибігүл Төлегенова

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16 желтоқсан 1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967).

1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н.Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б.Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне бағыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г.И.Серебрякова (сол кезде Семейде тұрған) болды.

Б.Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жұмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді.

1965-1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды.

1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді.

Б.Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: