Ер туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 389
Жұмбақтар: 3
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 144
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер: 12
Ертегілер: 1
Шығармалар: 4
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 8
Эсселер: 4

Нағыз ер болсаң, сол атаққа ие бола біл.
 
©  Саиф Сараи
Ерлер төрт, ал әйелдер алты сағат ұйықтауы керек. Одан артық тек балалар мен пессимистер ғана ұйықтайды.
 
©  Наполеон Бонапарт
Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы. 
©  Шерхан Мұртаза
Азғана күн болдым деп,Істім, тастым, талдым деп,Аты шыққан ерлердіАяғыңмен таптама.
 
©  Ғұмар Қараш
Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер. 
©  Бұқар жырау
Әйелдер әйелдер үшін киініп, өзара бәсекелес дейді. Ол рас. Бірақ егер жер бетінде ер адамдар болмаса, олар тіпті киінбес те еді. 
©  Коко Шанель
Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық. 
©  Құтып
Жаман әйел ер қадірін білмес. 
©  Майқы би
Жаман еркек жар қадірін білмес,Жайсыз әйел ер қадірін білмес.Жалқау адам тер қадірін білмес,Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. 
©  Майқы би
Дүниеде не жетім?- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім.. 
©  Жиренше шешен
Оты сөнген ер жүрек қалар мұздап. 
©  Бернияз Күлеев
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
©  Мұхтар Әуезов
Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады.
©  Мұхтар Әуезов
Өмірлік сұрақтарға келгенде ер адам берік, қатты болғанмен, өзінің әйеліне жұмсақ болуы керек.
Ел қамын жеген ер - басшы.
Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені.
©  Тоныкөк
Пәтуәсіз ер - елге сор.
©  Тоныкөк
Пәтуасыз ер елге сор.
©  Тоныкөк
Ер адамның өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші деңгейлі оқиға яхта сатып алу, ал ең маңыздысы сол яхтаны сату сәті болмақ.
©  Дональд Трамп
Сын сағаттарда қоғам мүддесі үшін жасалуға тиістіні жасайтын адам - нағыз ер.
©  Юлиус Фучик
Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.
©  Кенен Әзірбаев
Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.
©  Жамбыл Жабаев
Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.
©  Жамбыл Жабаев
Елдің серті — ер серті.
©  Жамбыл Жабаев
Жігерлі болса - ер болар.
©  Жамбыл Жабаев
Жердің сөлін жер жуар,
Елдің кегін ер қуар.
Дауыл тұрса бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар.
©  Жамбыл Жабаев