Жас туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 45
Жұмбақтар: 10
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 143
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 22
Туындылар: 1
Әңгімелер: 14
Ертегілер: 1
Шығармалар: 1
Анекдот, әзілдер: 2
Аңыздар: 3

Адамның ақылының кіруіне жасы да үлкен роль атқарады. 
©  Нарша Булгакбаев
Біз өмірімізді, ғұмыр жасымыздың ұзақтығын төмендегідей екі әдіспен өлшей аламыз:1. Хронологиялық жасымыз;2. Өмірімізде орын алған маңызды кезеңдер..
©  Арман Тосқанбаев
Ескi шөңгелердi қопарып тастамасаң, жас өскiн өспейдi. 
©  Низами
Ата-ананы ұмытқан жас — опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы. 
©  Ғабиден Мұстафин
Қарт жақсы жас жақсысын күндемеген.
©  Шал Құлекеұлы
Кәрі өлсе — дауыл тынғаны, жас өлсе – бәйтерегіңнің сынғаны.
©  Шал Құлекеұлы
Елу - ердің жасы, жетпіс - оттың басы, сексен - шоқтың қасы.
©  Шал Құлекеұлы
Адамның жасына қарап емес, мәдениеттілігі мен біліміне қарай бағалауымыз керек
©  Уинстон Черчилль
Есіңде ме, сен жас кезіңде уақыт тез өткенше асығар едің. Мектепте сабақ қашан аяқталар деп аптығатын едің. Жас кезінде баланың бәрі уақыттың тез..
©  Әбдінағым Көшер
Бүкіл торғай өртенер бір зәредей жасыннан. 
©  Қашаған Күржіманұлы
Елу деген - ердің, ерлік істердің жасы. 
©  Шерхан Мұртаза
Cары уайымшыл жастың сүмірейген сиқынан сорақы мұңлы көрініс жоқ. 
©  Марк Твен
Егер 35 жасыңызда сіз әлі де кедей болсаңыз – онда сіз бұған лайықтысыз 
©  Джек Ма
Ақиық қыран қартайса,Жас жағалтайдан тепкі жейді. 
©  Майқы би
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен..
©  Жиренше шешен
Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс..
©  Жиренше шешен
Адамның үш шынайы жасы болады: жастық шақ, кемелдену кезеңі және «сайтан алғыр, қалай ғана қартайып кеттім?»
©  Стивен Кинг
Жыл сайын жас болу-бұл өмірдің шынайы өнері.
©  Эрнст Тельман
Жас ұлғайған сайын, желдің соғысы да күшейе түседі.
©  Пабло Пикассо
Алпыс жаста өмірдің дәмі кетеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Мен ешқашан кәрі адам болмаймын. Мен үшін кәрілік әрдайым менен 15 жасқа үлкен.
©  Фрэнсис Бэкон
Он бес жасымда мен білімге бет бұрдым. Отыз жасымда бағынышсыз тұрмысқа қол жеткіздім. Қырық жасымда күмәннан арылдым. Елу жасымда көктің еркін..
©  Конфуций