1 қыркүйек - білім күні, алғашқы қоңырау

1 қыркүйек - білім күні, алғашқы қоңырау

Құрметті оқырмандар! Алғашқы қоңырауға балабақшада мектепте балалар айтатын тақпақтар мен өлеідер жарияланды. 1 қыркүйекте білім күнінен арналған тақпақтарды айтып ата-аналарыңызды қуанта аласыз!


Кел балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық,
Оқысаңыз балалар
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенін алдынан
Іздемей – ақ табылар.

Шырылдаған тыным алмай,
Қоңыраудын үні қандай,
Мақсатына жетеме адам,
Оқу оқып білім алмай.

Қиындықтан өтуге,
Армандарға жетуге,
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге.


Пайдалы сілтемелер:



Білім менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу айдынында
Жайып білім желкенін.

Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіруде бақшамыз.

Қыркүйектің бірінде
Кеудем толы дірілге
Құлақ түйем елеңдеп
«Бақша» бір күнге.

Білім алған өзіңмен
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт, мұғалім.

Ғылымның көп тас қамалы
Ғылымдықта асқарлы
Бар білімнің нұр бастауы
Балабақшадан басталды.

Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.


Қажетті сілтемелер:


Отанның біз ұл - қызы
Халықтың біз - жұлдызы
Оқимыз ақын – жырларын
Оқимыз еңбек сырларын.

Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді

Өсті міне бойымыз
Өсті міне ойымыз
Қуанышқа ортақпыз
Құтты болсын тойымыз.

Отан ыстық ұямыз
Жүректе орын тұрады
Отан маған пәк ана
Мен Отанның ұланы.

Қуат алған өзінен
Туған елдің ұлымын
Бақытты етіп өсірген
Отанымның ұлымын.

Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң Қазақстан
Елім менің тірегім
Құшағыңда гүл ашам.

Кел - кел досым бақшаға
Естимісің үнімді
Сауат ашып тіл дамытып
Үйренейік білімді.

Риза етіп баршаны
Әсем әнге саламыз
Таудан биік талабы
Біз - сүйікті баламыз.

Балабақша базарлы үй
Ауылдағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты
Үйреттеді мектепте.

Бүкіл елде басталып бүгін жыры
Бақ қоңырау шақырар ұғымдын
Білім - ғылым бастауы мерекелі
Құтты болсын бүгінгі білім күні

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Егемен елдің төсінде,
Шуағын шашқан арай күн
Азамат болып өсеміз
Қызыға әлем қарайтын.

Шайдай ашық бейбіт күннің аспаны
Ауламыздың келісіп тұр бар сәні
1 - қыркүйек - салтанатты мерекемен
Құттықтайды меңгеруші баршаны!

Білім күнін қарсы алдық

Әлемдегі барша жұрт,
Бас иеді білімге.
Білім күнін қарсы алып,
Қыркүйектің бірінде.

Білім күні, біл мұны –
Ойға сәуле шашады.
Баршамызға бұл күні,
Мектеп есік ашады.

Мектеп – ұя, құт қонған,
Білім нұры тараған.
Ұлағатты ұстаздан,
Сабақ алған бар адам.

Сергіп бойың, ой-санаң,
Үш ай жазда демалып.
Сен келесің қайтадан,
Мектебіңе оралып.

Құлпырады қыр гүлі,
Арайланып таң нұры.
Қауышады бұл күні,
Сыныптастың барлығы.

Ұлан болып үлгілі,
Әлі-ақ өсіп-толады:
Бүлдіршіндер бұл күні,
Мектепке алғаш барады.

Сайрап көңіл бұлбұлы,
Гүлге толып омырау.
Соғылады бұл күні,
Ең алғашқы қоңырау.

Туған Ана тілің де,
Қасиетті дінің де,
Көкейіңе ұялар,
Құштар болсаң білімге.

Өмірдің бейбіт бағы бұл,
Асудан асып асқарлы
Мінекей, биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.

Сәлем, саған мектебім,
Алғыстарым көп менің.
Оқу, білім, тәрбие
Ой санама еккенің.

Қуаныш бүгін – мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Мектепке келген алғашқы,
Жан досым, саған мың сәлем.



Б
иыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.

Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.

Білім керек бәріне

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
"Т.Аубакиров атындағы ЖОМ"
2 "Ә" сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна


Білім керек бәріне,
Балалардың бәріне.
Білімі болмаса егер де,
Жолы болмас өмірде.
Білім керек әрқашан,
Өмір бой бәріне.
Сондықтан да балалар,
Білім алайық бәріміз.
Соның үшін балалар,
Білім керек бәріне.

Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!

Өмірімнің көктемін
Сенде өткіздім деп келдім,
Алтын ұя-мектебім!
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – аннам мектебім


Айналайын балғындар,
Алға бағыт алғындар
Ертең өсіп толындар,
Ел мақтаны болындар,
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың

Бірінші қыркүйек күнімен.
Аңқыған жұпар гүлімен
Келіп ем,қарсы алар мектебім,
Сүйкімді қоңырау үнімен..

Отанның біз ұл-қызы
Халықтың біз жұлдызы.
Оқимыз ақын-жырларын,
Оқимыз еңбек сырларын.

Қоңырау сыңғырла, асыға
Үн қосқан қиядан асуға
Білім ал, еңбек ет жас ұлан
Өрле сен биiк шың басына.
Қоңырау үні сыңғырлап,
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сылдырлап
Бөбекті жиды маңына

Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.
Толқыған жүректер тоғысын
Толтырып бір арна, бір жырға.
Шаттықтың үніндей мәңгілік
Соғылсын қоңырау, соғылсын,
Қуаныш әніндей жаңғырып
Жүректер ақ нұрға соғылсын.

Бүгін ерекше тебіреніс пен толғанысқа толы күн...Бүгін мектеп атты кеменің ескегін есіп көрген кез-келген пендені бей-жай қалдырмайтын ұлы мерке.. Бүгін алтын ұя мектебін бітіріп, бала шақтан болашаққа қанат қаққалы отырған, жүректері лүпіл қағып ,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан жас түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас күн... Өзіңің уақытын аямай, өзгенің уақытын аялай білетін, өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын аяулы ұстаздардың бір жылдық еңбектерінің жемісіне куә болатын күн...Бүгін соңғы қоңырау!

Бір кездері шашымызға ақ бантик, мойнымызға көк галстукті тағып, әр қоңырау ұрылған сайын сыныптан жүгіріп шығып жүретін оқушылар едік. Енді бүгін соңғы қоңырау үнін сағынып отырған, жай ғана қатардағы адамдармыз...Қоңырау үнін қатты сағындым! Мектебімді, ұстаздарымды сағындым...

Қызыыыық! Біз адамдар өткенімізді неге сонша тез ұмытқыш келеді екенбіз!? Қазір ойлап қарасам, оқушылық өмірден еске түісіп отырғаны тек мына жыр шумақтары екен:

Мектебің мынау,классың
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың...

Соқ,соқ қоңырау
Сыңғырлайды қоңырау
Сылдырлайды қоңырау
Сыңғырлайды,сылдырлайды соңғы қоңырау!

Гүлдерге толы омырау,
Өмірде жоқ қой тоқырау.
Қимастық сезім оятып,
Соғылсын соңғы қоңырау.

Жыл он екі ай – үш жүз алпыс,
Бірде - бірі жатсынбасын ешкім де.
Үш жүз алпыс күннің бірі – білгенге –
Білім күні!
Сенің де ойың өсті ме?!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. балабақша білім күні
    13 + 5 -
    11) Баламыз біз баламыз

    Бақшамызға баратын,
    Баламыз біз баламыз.
    Сәби жүрек үндескен,
    Жақын біздің арамыз.

    12) Жуын ұйықтар кезіңде

    Тазалықты сақтайық,
    Тәрбиені ақтайық.
    Жуын ұйықтар кезіңде,
    Тазалыққа боп лайық.

    13) Бақшаның біз үніміз

    Шаттықты етер бақшаны,
    Бақшаның біз үніміз.
    Хош иісі аңқитын,
    Бақшаның біз гүліміз.

    14) Жақсы көрем бақшаны

    Ойнататын біздерді,
    Жақсы көрем бақшаны.
    Ерте тұрып барамын,
    Бақшамызға әр таңы.

    15) Бақша біздің жанымыз

    Бар жақсыны беретін,
    Бақша біздің жанымыз.
    Асыр салып ойнақтап,
    Би билейміз бәріміз.
  2. балабақша тақпақ
    10 + 1 -
    1) Балабақшаға

    Балабақша бұл орын,
    Балалардың баратын.
    Ең алғаш сурет боялап,
    Қолға қалам алатын.

    2) Мектеп алды бұл орын

    Мектеп алды баратын,
    Балабақша қандайды.
    Балаларды ойнатып,
    Ең жақсыны таңдайды.

    3) Балабақша бұл жақсы

    Балабақша бұл жақсы,
    Балаға көңіл бөлетін.
    Ойнатып ойын түрлерін,
    Бар мейрімін төгетін.

    4) Мен бақшаға барамын

    Мен бақшаға барамын,
    Әсем әнге саламын.
    Биді билеп шаттана,
    Керегімді аламын.

    5) Бақша біздің үйіміз

    Бақша біздің үйіміз,
    Бізді жақсы көретін.
    Апайлар бар керемет,
    Бар жақсысын беретін.

    6) Бақшада біз ойнаймыз

    Бақшада біз ойнаймыз,
    Балалармен жарысып.
    Жаңа келген бақшаға,
    Балалармен танысып.

    7) Бақша деген қандайды

    Бақша деген қандайды,
    Бар жақсыны таңдайды.
    Үйретіп бәрін балаға,
    Тәрбиені жалғайды.

    8) Біз ғажайып баламыз

    Біз ғажайып баламыз,
    Бақшамызға барамыз.
    Ойын ойнап, би билеп,
    Жақын болар арамыз.

    9) Бақшада біз бәріміз

    Бақшада біз бәріміз,
    Тазалықты сақтаймыз.
    Тілін алып апайдың,
    Тыныштықты сақтаймыз.

    10) Ойыншықпен ойнаймын

    Бақшаға мен барғанда,
    Ойыншықпен ойнаймын.
    Балалармен мен бірге,
    Ойнағанды қоймаймын.
  3. білім күні тақпақ
    7 + 8 -
    11) Білім күні балалар

    Білім күні балалар,
    Құтты болсын бүгінгі.
    Ұстаздарға шынайы,
    Ұсына біл гүліңді.

    12) Құтты болсын мереке

    Бүгін білім күні бұл,
    Құтты болсын мереке.
    Әрбір сынып ішінде,
    Арта берсін береке.

    13) Мектеп біздің үйіміз

    Мектеп біздің үйіміз,
    Бізге білім беретін.
    Ұстаз ана екінші,
    Бізді жақсы көретін.

    14) Бүгін білім күнінде

    Шаттанайық, күлейік,
    Бүгін білім күнінде.
    Сабақты оқып жүрейік,
    Ерінбей біз күніге.

    15) Білім күні ерекше

    Білім күні ерекше,
    Көңіл-күйді сыйлайды.
    Оқушының барлығын,
    Бұл мектепке жинайды.
  4. такпак білім күні
    5 + 2 -
    6) Білім күні құтты болсын

    Бірінші бүгін қыркүйек,
    Құтты болсын баршаға.
    Білім күні оу достар,
    Би билейік, ән сала.

    7) Білім күні келіп тұр

    Білім күні келіп тұр,
    Бізге сәлем беріп тұр.
    Оқушы мен ұстазға,
    Бар жақсысын теріп тұр.

    8) Мектепке біз барамыз

    Қыркүйектің бірінде,
    Мектепке біз барамыз.
    Білім күнін қарсы алып,
    Әсем әнге саламыз.

    9) Жақсы оқысын әр бала

    Мектепке биыл баратын,
    Жақсы оқысын әр бала.
    Қадамдары құтты боп,
    Бар әлемге жар сала.

    10) Білімді болсын әр бала

    Білімді болсын әр бала,
    Мектепте оқып сабағын.
    Жақсылыққа бастасын,
    Сәтті қып әрбір қадамын.
  5. тақпақ білім күніне
    3 + 3 -
    1) Білім күні

    Білім күні бүгінгі,
    Құтты болсын достарым.
    Білімді боп баршаңыз,
    Ашық болсын аспаның.

    2) Білім күні бүгінгі

    Білім күні бүгінгі,
    Қуанышын әкелсін.
    Бар оқушы мектепте,
    Білімді боп тербелсін.

    3) Біз мектепке барамыз

    Білім күні гүл алып,
    Біз мектепке барамыз.
    Ұстазмен қауышып,
    Әсем әнге саламыз.

    4) 1 қыркүйек

    Бірінші бұл қыркүйек,
    Білім күні жарандар.
    Құтты болсын бүгінгі,
    Басқан әрбір қадамдар.

    5) Біз мектепке барамыз

    Білім күнін өткеріп,
    Біз мектепке барамыз.
    Сабақ оқып бестікке,
    Шамнан шырақ жағамыз.
  6. алғашқы қоңырау
    10 + 4 -
    Айналайын балғындар,
    Алға бағыт алғындар
    Ертең өсіп толындар,
    Ел мақтаны болындар,
    Орындалсын ойларың,
    Құтты болсын тойларың

    Мектепке алғаш барғанда
    Ұстаздарды мақтаймын,
    Сенімдерін ақтаймын.
    Біздікіндей мектепті
    Әлем шарлап таппаймын.

    Сәлем беріп өтейін,
    Биіктерге жетейін.
    Алдыңызда өзімді
    Таныстырып кетейін.

    Сәлем, саған мектебім,
    Алғыстарым көп менің.
    Оқу, білім, тәрбие
    Ой санама еккенің.

    Қуаныш бүгін – мереке,
    Шуағын шашып тұр әлем.
    Мектепке келген алғашқы,
    Жан досым, саған мың сәлем.

    Мектеп – қамқор анамыз
    Оқып білім аламыз,
    Өнерпаз боп өсетін
    Біз оқушы боламыз!
    Өмірімнің көктемін
    Сенде өткіздім деп келдім,
    Алтын ұя - мектебім!
    Армандарым көп менің,
    Атқарамын деп келдім,
    Асыл – аннам мектебім

    Биыл мен де мектепке
    Біріншіге барамын.
    Мақтанбаймын мен текке,
    Дайын дәптер, қаламым.

    Мектепке енді барамыз,
    Біз оқушы боламыз.
    Жақсы оқып сабақты,
    Кілең бестік аламыз.

    Өсті міне бойымыз,
    Өсті міне ойымыз.
    Қуанышқа ортақпыз,
    Құтты болсын тойымыз.
    Білім керек бәріне

    Білім керек бәріне,
    Балалардың бәріне.
    Білімі болмаса егер де,
    Жолы болмас өмірде.
    Білім керек әрқашан,
    Өмір бой бәріне.
    Сондықтан да балалар,
    Білім алайық бәріміз.
    Соның үшін балалар,
    Білім керек бәріне.
  7. Римма РИММА
    Римма РИММА 21.08.2015 05:37
    4 + 6 -
    ывкеремет

Ілмектер: 1 қыркүйек тақпақ, 1 қыркүйек білім күні тақпақ, 1 қыркүйек білім күні өлең, такпак 1 кыркуйек қазақша такпактар балаларга, Қазақша тақпақ: Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша тақпақ, Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша тақпақ: Бірінші 1 Қыркүйек, Білім күні (Алғашқы қоңырау), Казакша такпак 1 кыркуйек сентябрь билим куни на казахском, 1 сентября день знаний стихи на казахском языке, 1 сентября день знаний такпак на казахском, алгашкы конырау андер, алгашкы конырау олендер, алғашқы қоңырау өлең, алғашқы қоңырау туралы өлең, алғашқы қоңырау өлеңдері, 1 қыркүйек білім күніне арналған өлеңдер, 1 кыркуйек билим куни олен олендер, Білім керек бәріне, 1 қыркүйек білім күні, 1 кыркуйек сентябрь билим куни, 1 сентября день знаний стихи на казахском, алғашқы қоңырау, балабақша, мектеп, балабакша, бастауыш, балалар