Жетім туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 32
Өлеңдер: 64
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 2
Шығармалар: 1
Аңыздар: 9
Эсселер: 1

Жетім қызда жеңге көп.
©  Сақып Керелбаев
 Бәрінен де әкесі жоқ жетім мұңлы.
©  Естеу ЖҮНІС
 Алла алдындағы үйлердің жақсысы – жетімдерді құрмет тұтатын үйлер.
©  Мұхаммед (ﷺ) пайғамбар
Жесір – уайымшыл,Жетім – пайымшыл.
©  Шілтерханов Әдіһам
Ат — жетім: өрен жүйрік шабылмаған, құс — жетім: саятшысы табылмаған, әйел — жетім: өзінің теңін тауып қосылмаған.
©  Шал Құлекеұлы
Ескі киімнің биті ащы,Жетім баланың тілі ащы.
©  Қорқыт ата
Дүниеде не жетім?- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім.. 
©  Жиренше шешен
Азамат жетім болмайды - халықтан болса панасы, халық жетім болмайды - басшы болса данасы.
©  Сырым Датұлы