Дональд Трамп

Дональд Джон Трамп (ағылш. Donald John Trump; 14 маусым 1946 жылы, Куинс, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық мемлекет қайраткері, саясаткер және кәсіпкер, Америка Құрама Штаттарының 45-президенті. АҚШ теле-радио саласында атақты тұлға, жазушы. Сонымен қатар АҚШ-тағы ірі құрылыс Trump Organization компаниясының президенті және әлем бойынша казино мен отельдері бар Trump Entertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы. Трамп әдеттегіден тыс өмір сүру стилімен және ашық сөйлесу мәнерімен аса танымал, сонымен қатар өзі продюсер және жүргізуші "Кандидат" реалити шоу да әсер етті. Саясаткер, кәсіпкер, 2017 жыл 20 қаңтар 2021 жыл 20 қаңтар бастап Америка Құрама Штаттарының президенті.

2010 жылдың қыркүйегінде Доналд Трамп 2012 жылғы АҚШ-тың президенттік сайлауына қатысу мүмкіндігін «байыпты ойланып» жүргенін мәлімдеді. 2008 жылғы сайлауда ол Республикалық партиядан үміткер Джон Маккейн үшін қолдау білдірді, ол өз кезегінде демократ Барака Обамаға жеңіліп қалды. 2015 жылы 16 маусымда Доналд Трамп 2016 жылы президент лауазымы үшін күреске қосылатынын жариялады. «Президент қызметіне сайланған жағдайда бірінші әрекетім - жалақыдан бас тарту», - деп мәлімдеді Трамп. АҚШ-тың бұған дейінгі екі президенті жалақыдан бас тартқан Ол - 31-ші президенті Герберт Гувер мен АҚШ-тың 35-ші басшысы Джон Кеннеди. Жалақысынан бас тартқан президенттер оны қайырымдылыққа аударып отырған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: