![]() |
|
![]() |
Ағайын туралы Нақыл сөздер ✍️
Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 102
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 86
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 18
Құттықтау, тілектер: 6
Баталар: 5
Туындылар: 1
Әңгімелер: 9
Ертегілер: 3
Аңыздар: 1
...Тірлігімде сыйласпаған ағайын, Мен өлгенде жыласаң – Құм құйылсын көзіңе!!!
— Махамбет Өтемісұлы
Ағайын арасына жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар.
— Ғабиден Мұстафин
Ағайының бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң асырай алмайды.
— Ғабиден Мұстафин
Ағайын барың болса көре алмайды,Жоғың болса өздері бере алмайды...
— Ринат Зайытов
Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,Сол болар басқалардан жақын кісің.Ағайынға, туысқа қайырылса,Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.Ерге – аю, балаға –..
— Шал Құлекеұлы
Қамқа тонның тозғанын көп жасаған қарт білер, ағайынның озғанын жақын емес, жат білер.
— Шал Құлекеұлы
Ағайын жат болады алыс болса,Жат та жақын болады — таныс болса.Дұшпан түгіл достарың табалайды,Аяғың бір нәрседен шалыс болса.
— Шал Құлекеұлы
Инабатты болса – әйел көрікті,Ақ сақал жарасса – шал көрікті,Сүйікті болса – ағайын көрікті.
— Қорқыт ата
Ағайынның ішінде бір жақсысы бар болса – қаумалаған көп жаман сол жақсыны көре алмас.
— Шалкиіз Тіленшіұлы
Абысынның арызы — ағайын сәнін кетірер,Ағайынның арызы — елдің сәнін кетірер.
— Бұқар жырау
Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер.
— Бұқар жырау
«Ағайын» десе - шақ қарадық,«Қайын» десе - жалт қарадық.
— Махмұд Қашқари
Жақсы болса іні — ортақ.