Нақыл туралы Нақыл сөздер ✍️
Мақал-мәтелдер: 10
Тақпақтар: 7
Өлеңдер: 19
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 1536
Әңгімелер: 2
"Адамды Құдай жаратты" дегенге сенейін десем Құдайды аяймын,"Адам маймылдан жаралды" дегенге сенейін десем адамды аяймын.
© Сайын Назарбекұлы
Елбасының басын сыйламасаң да, тағын сыйла,Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен.
© Сайын Назарбекұлы
Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты.
© Сайын Назарбекұлы
Дананы — ойынан;Батырды — сойынан;Ізгіні — ісінен;Жақсыны — түсінен;Көлгірді — көзінен;Суайтты — сөзінен.
© Сайын Назарбекұлы
Өзiңiздiң шамаңыз келмейтiн жамандықты жоюға талаптанбаңыз, әйтпесе жамандықты да жоймайсыз, беделiңiзден де айрыласыз.
© Теодор Рузвельт
Əйел заты – залым. Ол ыстық жар құшағы мен суық ажал құшағында ғана қымбат.
© Проспер Мериме
Жеке игiлiк туралы ойлау табиғи нәрсе және мұны назардан тыс қалдыруға болмайды. Ал егер тек осы туралы ойлап, қоғам игiлiгi елеусiз қалатын болса..
© Франсуа Рабле