Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Ит жүгіртіп, құс салсаң — киген тоның түлкі етер,Жаманменен дос болсаң — көрінгенге күлкі етер. 
©  Бұқар жырау
Дін мұсылман болмаса, тіл мұсылман не пайда? 
©  Бұқар жырау
Мал араға түспесе, құр айтқаннан не пайда?! 
©  Бұқар жырау
Рулының — оғы қалса табылар, жалғыздың — тартатұғын жағы қалса табылмас. 
©  Бұқар жырау
Арту-арту бел келсе — атан тартар бүгіліп,Алыстан қара көрінсе — арғымақ шабар тігіліп.Алыстан жанжал сөз келсе — азулы сөйлер..
©  Бұқар жырау
Жаулық жолын сүймеңіз: мынау жалған сұм дүние өтпей қалмас демеңіз. 
©  Бұқар жырау
Өлетұғын тай үшін,Қалатұғын сай үшін,Қылмаңдар жанжал, ерегіс. 
©  Бұқар жырау
Мал жинасаң қойдан жи — майы кетпес шарадан,Ит жинасаң сырттан жи — мал бермейді қорадан. 
©  Бұқар жырау
Отының болсын жантақтан,Қатының болсын қалмақтан,Қосының болсын қазақтан. 
©  Бұқар жырау
Жал-құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз,Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз.Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас,Жаман қатын..
©  Бұқар жырау
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. 
©  Бұқар жырау
Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да — тартпай қоймас негізге. 
©  Бұқар жырау
Найзасының ұшы алтын. 
©  Бұқар жырау
Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер. 
©  Бұқар жырау
Ауылда адам бар болса — ауыл ада болмайды,Ел иесі бар болса — елі ала болмайды. 
©  Бұқар жырау
Үлгісіз сөз болмайды, матасыз бөз болмайды. 
©  Бұқар жырау
Арғымақтың жалы жоқ — жабылар жалымен теңесер,Жақсылардың малы жоқ — жамандар малымен теңесер. 
©  Бұқар жырау
Ханға жауап айтпасам — ханның көңілі қайтады,Қандыра жауап айтпасам — халқым не деп айтады. 
©  Бұқар жырау
Жетпіс деген жел екен. 
©  Бұқар жырау
Алладан һүкім келмей өлмек жоқ. 
©  Бұқар жырау
Риза болсаң құдайға, түзелер сонда ісіңіз. 
©  Бұқар жырау
Тірнектеп жүріп іс қылған жарлыны жарлы демеңіз,Жарлы байға тең келіп, жайлауға көшпес демеңіз. 
©  Бұқар жырау
Берем деген құтылмас. 
©  Бұқар жырау
Жалғызды жалғыз демеңіз,Жалғыз да көпке теңеліп,Бір майданда жолығып,Кегін бір алмас демеңіз. 
©  Бұқар жырау
Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар. 
©  Бұқар жырау