Мұң туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 6
Тақпақтар: 3
Өлеңдер: 513
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 21
Әңгімелер: 18
Поэмалар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Адам деген – бос ой құшағында тербелу емес, адам деген – шайқас, мұң, ақылсыздық!
©  Жорж Батай
Мұңнан қашқан адам асып-сасқан жексұрынға айналады.
©  Жорж Батай
Шын іздеген еді – мұндар мұңға жолықты.
©  Жорж Батай
Ажалдың мұңға орар мінезіннен адамның мұңға деген қажеттілігі сезіледі.
©  Жорж Батай
Егер қуаныштың сыртынан мұң сығалап тұрмаған болса, онда оның бойында тексіздіктің басым болғандығы жəне шын мəнінде көз тартарлық ештеңенің..
©  Роберт Вальзер
Жайлы орындықтың жалғыз мұңы – ешқашан жападан жалғыз қалып қоймау, сол сияқты ешкіммен бетпе-бет те келіп қалмау.
©  Жан Бодрийар
Молшылықта заттың аздығы емес, тез бүлінетіндігі мұңға айналады.
©  Жан Бодрийар
Адамды жыл емес мұң қартайтар.
©  Естеу ЖҮНІС
Күнделікті өмірің мұңмен өтсе тіршіліктен не пайда?
©  Естеу ЖҮНІС
Тіршілік дегеніміз аңсар. Аңсар қанағаттанбаса қайғы-мұң туылады. Аңсар қанағаттанса зерігу-жалығу туылады. Өмір қайғы мен зерігудің арасында..
©  Артур Шопенгауэр
Қырқылып тілім қалғаншаКеудемде шыбын жан болсаМұңын айтып өтемінҚазақтай қайсар халықтың  
©  Ринат Зайытов
Жаныма ұйып мұң ұяң,Жылағым кеп... жымиям.Жібісеңші сен де енді,Зарпы ойламай зымиян,Ей, тасбауыр Дүниям!
©  Алдияр Бақытжан
Қара арғымақ арыса — қарға адым жер мұң болар,Есіл көзден нұр тайса — бір көруге зар болар. 
©  Бұқар жырау
Мінген атың арыса — қатарға ену күн болар,Қара көзден нұр тайса — қарға адым жер мұң болар. 
©  Бұқар жырау
Қазақ елі - өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел. 
©  Ғабит Мүсірепов
Ай айнасын бұлт басса, жан айнасын мұң басқан.
 
©  Асқар Сүлейменов
Мұңдасқан көңілде кір қалмайды.
©  Абай Құнанбаев
Бүлдіруші бар жерде мұң да бар.
©  Тоныкөк
Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.
©  Сағатхан Әшімбаев
Құмарлықтан артық от, ашудан артық бейнет, алдаудан өткен мұң, құштарлықтан артық телегей-теңiз жоқ.
©  Будда
Адамға ұлы, ерекше нәрсенi телуiң мұң екен — оны ұсқынсыз етесiң, ал өзiңе телiгенiң — өлгенiң.
©  Лев Толстой