Адам туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 7
Мақал-мәтелдер: 543
Жұмбақтар: 26
Тақпақтар: 9
Өлеңдер: 465
Жаңылтпаштар: 9
Нақыл сөздер: 730
Туындылар: 6
Әңгімелер: 56
Ертегілер: 6
Поэмалар: 4
Шығармалар: 6
Анекдот, әзілдер: 5
Аңыздар: 2
Эсселер: 3

Ала жылқы жоғалмас,
Арамза жан оңалмас.
Айуанға – таяқ,
Адамға – ишарат.
Адам болу — әсте-әсте,
Айуан болу — бір пәсте.
Адам ойға тоймайды,
Бөрі қойға тоймайды.
Ғалым болмақ оңай,
Адам болу қиын.
Арықпын деп ауызды ырсита беруге бола ма?
Адам құрсағынан арықтамайды,
Құлағынан арықтайды.
Аш адамның көзі апандай.
Табан ішпейді,
Адам ішеді.
Адам да бір жыл құсы,
Ұстатпайды күлкісі.
Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.
Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.
Адам мәңгі сүрмейді,
Көрден қайтып келмейді.
Кісі аласы – ішінде,
Жылқы аласы – сыртында.
Зымыраған ғұмырға адам тоймас,
Мәңгі сүрмес, бір күні өлмей қоймас.
Аш адам айғайға басса,
Жалаңаш адам жолдан қашады.
Адамды – тілі,
Атты жүгі асырайды.
Қатесіз адам – қаперсіз надан.
Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді.
Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.
Надан – қашан да надан,
Наданмен байланыспаған – адам.
Адам болудан
Сауатты болу оңай.
Тәрбиесіз адамнан
Үйретілген айуан артық.
Адам болсаң,
Адаспай көр.
Сүйек жуушы адам мәйіттің я жұмаққа,
Я дозаққа барарына кепілдік бере алмайды.