Құдай туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 52
Жұмбақтар: 3
Өлеңдер: 127
Нақыл сөздер: 36
Құттықтау, тілектер: 1
Туындылар: 5
Әңгімелер: 10
Анекдот, әзілдер: 1
Аңыздар: 1

Өзіңнен  қателік өтпей, құдайдан жетпейді.
©  Естеу ЖҮНІС
Кім шындықты іздейді, Құдай оны табады.
Құдай адамға көп тыңдап, аз сөйлесін деп екі құлақ, бір ауыз берген.
©  Жебірей
«Тозбасты ұста соқпайды, Өлместі Құдай жаратпайды»
Өмірдің өтпелі екенін ұқтыратын осындай қанатты сөздерді ата- бабаларымыз ежелден-ақ..
©  Гүлтас Құрманбай
Екі құдайға бірдей табынған-дінсіз.
Әрекет еткенге Құдай әрдайым жәрдем береді.
Құдай қолдамаса әулие де жәрдем бере алмас.
Құдайдан сұра, өзің де бекер жатпа.
Құдай жүгіртпегендіБұзау жүгіртеді. 
Құдай жүгіртпегенді
Бұзау жүгіртеді.
Бастықтарға қарсылық етуші
Құдайдың бұйрығына қарсылық етеді.
Адамнан тілеген арыды,
Құдайдан тілеген жарыды.
Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.
Жарлы деп сөкпе,
Пайғамбарға тілің тиеді.
Жалғыз деп сөкпе,
Құдайға тілің тиеді.
Қорықпас құдайдан да қорықпас.
Адам айдаса бармаймын,
Құдай айдаса қалмаймын.
Күштіге - құдай жоқ.
Құдай малыңды алса да бейіліңді алмасын.
Құдайдың өзі асыраған тоқтысын қасқыр жемес.
Құдай берейін десе құлай береді.
Құдай бергенді молда бермес.
Байды Құдай қарғайын десе,
Жортуыл бастар.
Биені қарғайын десе,
Құлын тастар.
Көп қайда болса - құдай сонда.
Арамды құдай табады,
Момынды қайыр табады.
Құдай бір айналдырғанды,
Шыр айналдырады.