Беру туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 17
Өлеңдер: 8
Нақыл сөздер: 6
Туындылар: 1
Әңгімелер: 1

Берсең аласың, ексең орасың
©  Самет Оқанұлы
Берсеңіз - аласыз, ексеңіз-орасыз.
Ол сізге бере алатындай етіп беріңіз.
Бергенге бес те көп,
Алғанға алты да аз.
Бергеннің бетіне қарама.
Бердім бір ай,
Келдім сұрай.
Берсін дейді сұлтан,
Бергізбейді сұбхан.
«Аламыз» деген алған,
«Береміз» деген жалған.
Береген қолым алаған.
Сұрағанға текке бер,
Сусағанға жекке бер.
Алмақтың салмағы бар, берудің сұрауы бар.
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
Құдай берейін десе құлай береді.
Берсең - аларсың, ексең - орарсың.
Берген қолым алған.
Бермегенді беріп ұялт.
Алғанды білген анайы,
Бергенді білген сыпайы.