Бөлім: «Мақал-мәтелдер»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Ғалым халық үшін көзін берсе,Батыр халық үшін өзін береді
©  Самет Оқанұлы
Халқын алдаған би оңбайды
©  Самет Оқанұлы
Дүние түбі келте,Ұмтылған жақсы ерте
©  Самет Оқанұлы
Ғалымның бір күні –Наданның мың күніне татиды
©  Самет Оқанұлы
Үнемшіл үйін гүл етер,Ысырапқор үйін тұл етер
©  Самет Оқанұлы
Жомарт жоқтығын,Жүйрік тоқтығын елемейді
©  Самет Оқанұлы
Жол мұраты – жетуҚыз мұраты – кету
©  Самет Оқанұлы
 Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды
©  Самет Оқанұлы
Ымды білмеген дымды білмейді
©  Самет Оқанұлы
Тәрбие туғанда басталып, өлгенде бітеді
©  Самет Оқанұлы
Білгенге маржан, білмеске арзан
©  Самет Оқанұлы
Еңбектің наны – тәтті,Жалқаудың жаны – тәтті
©  Самет Оқанұлы
 Сыйлылық қымбат емес, сүю қымбат
©  Самет Оқанұлы
«Иілген басты қылыш кеспейді»
©  Самет Оқанұлы
Ынтымақ істі бітірер
©  Самет Оқанұлы
Ашу – дұшпан, ақыл – дос,Ақылыңа ақыл қос
©  Самет Оқанұлы
Таза, мінсіз асыл тас,Су түбінде жатады.Таза, мінсіз асыл сөз,Ой түбінде жатады
©  Самет Оқанұлы
Жаңылмайтын жақ,Сүрінбейтін тұяқ жоқ
©  Самет Оқанұлы
Сұрамағын пендеден,жағарсың кейде жақпассың,Тілекті тіле Құдайданайқара ашқан қақпасын
©  Самет Оқанұлы
Ажал қиуадан келіп,Қимасыңды алады
©  Самет Оқанұлы
Жетім көрсең, жебей жүр
©  Самет Оқанұлы
 Білім – гауһар бағасы жоқ,Надандық – дерт, дауасы жоқ
©  Самет Оқанұлы
 Бірлік болмай, тірлік болмас
©  Самет Оқанұлы