Бірлік туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 64
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 29
Өлеңдер: 50
Нақыл сөздер: 17
Құттықтау, тілектер: 4
Баталар: 1
Туындылар: 1
Әңгімелер: 2
Шығармалар: 3
Эсселер: 1

 Бірлік болмай, тірлік болмас
©  Самет Оқанұлы
Бірлік болмай, тірлік болмайды.
©  Көпеев Нұрдәулет
Бірлігі жоқ ел тозар, бірлігі күшті ел озар.
 Алтау ала болса, Ауыздағы кетеді. Төртеу түгел болса, Төбедегі келеді.
*Ынтымақ,   береке,   бірлік  ..
©  Гүлтас Құрманбай
Бірлік түбі - береке. 
©  Майқы би
Тобынан айрылған қазды,
Топталған қарға алады.
Теңге тиыннан,
Ынтымақ ұйымнан.
Кеңесіп шешкен шешімнің кемісі болмас.
Тірлігің – бірлігің.
Жұдырық жиналса,
Жұмыр жерді де жорғалатады.
Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
Қырық кісі бір жақ,
Қыңыр кісі бір жақ.
Ынтымақ істі бітірер.
Бірлікті ел бұзылмас.
Көп тепкен жерден көл шығады.
Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.
Айырылсаң - азарсың,
Қосылсаң - озарсың.
Көптен қашқан көмусіз қалар.
Ынтымақ - оқ өтпес сауыт,
Татулық - тамаша сауық.
Бас-басыңа би болсаң,
Мана тауға симассың.
Бір данаға жол берсең,
Жанған отқа күймессің.
Кеңеспен кескен қол ауырмас.
Мың қосшыға бір басшы.
Теңге - тиыннан,
Ынтымақ - ұйымнан.
Көнектен шошыған бие оңбас.
Көптен бөлінген үй оңбас.
Бөлінгенді бөрі алар,
Ұзағанды ұры алар.