Бастауышпен қоштасу сценарий


Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауыштан алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

Орта буында дәріс беретінін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу.

Мектеп ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз отанын адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: гүлдер, плакаттар, банер, слайд

1 жүргізуші: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда

Жол табар қараңғыда адасқанда

Мал озбас, біле білсең білім озар.

Ақыры керек болар бір сасқанда-деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Аялаған мектебім» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.

2 жүргізуші:Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген-бұл мұрат

Алдына түсіп ананың

Жүргенін көрген-бір мұрат-дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық.

Қол соғып, қошеметтейік.

1жүргізуші: Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 сынып оқушылары осыдан 4жыл бұрын 6 жасар болса, бүгін міне, ес біліп, етек жиған шәкірт. Мектеп табалдырығын аттағаннан бастап әртүрлі іс-шараларға, сайыстарға, олимпиада, конкурс, тәрбие сағаттарына, спорттық жарыстарға, ашық сабақтар, мектептен тыс шаралары балалардың есінде ұзақ сақталғаны сөзсіз.

2жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге бой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым қымбатты- Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр.Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1 жүргізуші:Армысың сен, алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр-алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мектебіме арналады бұл әнім----------------------------------------------------------------------------------

2 жүргізуші. Дұрыс айтасың бұл мектепте қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, апам да, енді мен де мектептен тәлім алудамын.- Олай болса, алтын ұя мектебімізге арнап бір би билеп берйік.

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1 жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» -деп Абай атамыз айтқандай, алғашқы қолымызға қалам ұстатып,оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз-ұстаз екенін бәріміз білемізге мәлім.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2жүргізуші: «Мұғалім-мектептің жүрегі»-деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

1жүргізуші:Дұрыс айтасың, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкерлер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------2 жүргізуші:Сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз. Ендеше ортаға ---------------------------------------------------------------------

Сер беру:

1 жүргізуші:Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.

Ыстық-ау кім-кімге де әке деген

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген-дегендей, әкенің орны бөлек.

2 жүргізуші:Мектеп-сенсің адалдықты үйреткен

Мектеп-сенсің жамандықтан жиренткен

Мектеп-Сенсің жақсылықты ұранғып

Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы еткен-деп отырып----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2 жүргізуші: Бізді үйреткен білімге жалықпастан

Рахмет ұстазыма көзімді ашық

Біз шәкірт, біз Отанның болашағы

Білімнің басқышына қадам басқан-----------------------------------------------------------------------

1 жүргізуші: Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп

Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып

Шақырайық өлеңге түлектерді

Қоштасудың әуенін айтып тұрып----------------------------------------------------------------------------------

2 жүргізуші:Ажырамай мектептен бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлекерге арналсын тілегіңіз-дей отырып құттықтау сөзін тәрбие ісінің меңгерушісі Садыкова Шынар Тилеукенқызына беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу