Бастауыш сыныппен қоштасу. Тақпақтар жинағы


1-оқушы:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2-оқушы:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

3-оқушы:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

Армысың сен, алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағым,

Мектебіме арналады бұл әнім.

4-оқушы:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,

Ізгілік те, мейірім бәрі осында.

Қанат қағып кешегі балапандар,

Ақыл, білім жетіліп санасында.

Иә, достар, алтын ұя мектептен атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім

алған. Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.

Мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке арналған жырларын тыңдайық.

5-оқушы:

Мектеп үйім, ұстаздарым, ата-анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа тараған.

6-ОҚУШЫ

Мектебім – білім берер алтын ұям,

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Байлыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы,

Есейген шәкірттердің серті деп біл.

7-оқушы:

Мектебім, алтын ұям, нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

8-оқушы:

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

9-оқушы:

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

10-оқушы:

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.

11-оқушы:

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар. Хор: «Ұстазым»

Шара апамдай бұралып,

Биді билеп береміз.

Би дегенің кермет,

Биді жақсы көреміз, - дей келе ортаға бишілер тобын «Жастар» биімен шақырайық.

12-оқушы:

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымызбен, солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаздар туралы не айтар едіңдер?

13-оқушы:

Ұстаз – дана

14-оқушы:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз.

15-оқушы:

«Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

16-оқушы:

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

17-оқушы:

Басса бұрыс, жол сілтеп, қате дейсің,

Әр балаға сен ана әкедейсің.

Болашақтың көктеген жас шыбығын,

Бағбанындай аялап, мәпелейсің.

18-оқушы:

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға,

Ұқсатып ек біз сізді анамызға.

Жақын тарттық, біртіндеп бауыр бастық,

Жүрегіңді ұнаттық арамызда.

19-оқушы:

Қоссаңдар бірді екіге үш болады,

Деуші едік біліммен күш толады.

Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең, оң болады.

Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап.

Өзіңіз баға қойған күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

20-оқушы:

Білім алған өзіңнен,

Дәрігер, ұшқыш, бар ғалым.

Саған ыстық сезіммен,

Қарайды жұрт мұғалім.

21-оқушы:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз – шәкірт, біз – Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

22-оқушы:

Тез үйрендік әділ мен адалдықты,

Жирендік, ажыраттық жамандықты.

Жалғастырар ақ жолын сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.

23-оқушы:

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

24-оқушы:

Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны

Айқара есік ашып тастағаны.

Бір мереке, думан болып осы маңда,

Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны,

Енді міне, сағымдай өте шықты,

4 жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.

Ұстаз ана жасады мына бізден,

Ел танитын азамат, бір-бір мықты.

25-оқушы:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,Мен оның қасиетті тілін сүйем,Мен оның құдіретті үнін сүйем.Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлағанЖаным менің,Кеудемді жарып шық та,Бозторғайы бол оның шырылдаған!

25-оқушы:

Отан!Отан!Бәрінен биік екен.Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.Отанды сүймеуің де күйік екен,Отанды сүйгенің де күйік екен...

26-оқушы:

Көкірегімнің үміті мен тілегіКүй боп түлеп, күн боп шығып күледі.Күн астында көк төбелер түледі —Менің елім, менің елім — гүл елі

27-оқушы:

Айтпағым бір ағыл-тегіл сыр еді —Шежіреңе ол өлең болып кіреді.Мендегі өнер сен деп өмір сүредіМенің елім, менің елім — жыр елі!

28-оқушы:

Қанат қомдап таң атқанда шығыстанТорғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,Менің елім, менің елім — гүлстан!

29-оқушы

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

30-оқушы

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу