8 наурыз сценарий көктемі


«№219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ -нің 7 сынып жетекшілері мен оқушылары ұйымдастырған мерекелік іс-шара сценарий жоспары

наурыз мерекесіне арналған сценарий

1 - жүргізуші:Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.Аналардан туған небір даналар.Ана деген тіршіліктің тірегі,Армысыздар, қасиетті аналар!Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймын! Қош келіпсіздер!2 - жүргізуші:Десек те уақытпенен жарыспайды,Қияға қиялменен қарыштайды.Шәкірттер шын жүректен тебіреніпӨнерлерін анаға бағыштайды, - дей келе ортаға ___ сынып оқушыларының _____________________________ сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:Ақ тілекті ағытып бір тастайық,Аналардың мерекесін бастайық.Көздеріңнен көрем шаттық арайын,Өтсін солай әрбір күнің, әр айың, – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры __________________________________________ беріледі.2 - жүргізуші:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармын,Ән болып сағыныштан ақтарылмай, - деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне ______________________ атты әнін қабыл алыңыздар!1 - жүргізуші:Әлемдегі ең ақылды, дана боп,Нұрын шашар жақсыларға пана боп.Кім - кім болсын сені алақанында,Мейірлене ешкім сүймес ана боп.2 - жүргізуші:

Алақаны жылылықтан балқыған,Бір күлкісі бар әлемді шарпыған.Бұл сезімге ие болған барша жұрт,Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл - қыздарыңыздың өнерлерін __________________________ қабыл алыңыздар!1 - жүргізуші:Теңіздей тербетіліп көл бетінде,Бишілер билеп кетті тербетіле.Аққудай қалықтаған теңіздегі,Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.2 - жүргізуші:Ана деген - бастауы ұлылықтыңАна деген - рәмізі сұлулықтыңАна деген - бір жыр бар шырқалатынАсқақтатар биікке ұрпақ атынОлай болса қарсы алайықДауысына сүйсініп тамсанайықЕрке ұлдың талантына тәнті болып,Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!Ән: ______________________ Орындайтын:__________________________1 - жүргізуші:Әркімнің де өмірден аласы бар,Аласы бар адамның анасы бар.Мерекесін құттықтап аналардың,Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар деп «Фаворит» КВН командасын ортаға шақырамыз.2 - жүргізуші:Ару - Ана өмірдің асылдары,Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,Сендер үшін мереке шашулары, - дей отырып тамаша әнді қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:«Бала, бала, бала» деп,Бізді өсірген анашым.Гүлге толып, құшағың,Бақытты бол, анашым.2 - жүргізуші:Қамымды ойлар күн - түні,Анам - менің көктемім.Ақтай алсам үмітін,Арманыма жеткенім, – дей отырып _____________________ қабыл алыңыздар!

1 - жүргізуші:Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,Биімен көрерменді тәнті ететінАрулар келді міне толқып, тасып. Ортада _____________ биі қарсы алыңыздар!2 - жүргізуші:

Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!1 - жүргізуші:

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. ____________________әні.2 - жүргізуші:Барша ана, құтты болсын мерекеңізӘрқашанда ана сізбен берекеміз.Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті ____________________ береміз.

1 - жүргізуші:Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,Жұлдызындай көгінде жағыламын.Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз ________________________ атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!2 - жүргізуші:Аяулысың, ауылымның асылдары,Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,Сендер үшін мереке шашулары,- деп алдарыңызда_______________ биі.1 - жүргізуші:Көңілің Алатаудың ақ қарындай,Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.Қалайша аяулы ана тына алармынӘн болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап _______________________әні.

2 - жүргізуші:

Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.1 - жүргізуші:

Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!

Дайындаған: А.Бекмұратова



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу