Бастауышпен қоштасу


Бастауышпен қоштасу

Мақсаты: Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті, ұстаздарды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге және де өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы, слайдтар , гүлдер және шарлар.

Жүргізуші :

Бұлт торлады аспанды,

Жаңбыр жауды нөсерлі.

Сол жаңбырдан нәр алған,

Көбелектер тараған.

Мөлдіреп моншақ шашылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл-жасылды,

Кемпірқосақ асылды.

Сол түстерге сәйкесті,

Ынтымақшыл, бірлікшіл,

Көбелектер бірлесіп,

Мектебіне қонады.

Ұстазсыз шәкірттерге бақ келгенбе,

Бар білімін балаларға ап келгенде.

4 жыл бойы білім беріп біздерге,

Ізгілік пен мейірімі бар бойында,

Сынып жетекшіміз: Құлмұратова Назира Құдакелдіқызы

Жүргізуші Асемай :

Әлемдік тәжірибені қолданумен,

Сындарлы білім алған тұлғалары.

Жаңашыл мектеп деген атқа ие боп

Ұшырар тәрбиелеп әр шәкіртті.

Жүргізуші Сұлтанби:

Жиынымыз өткелі тұр салтанатты

Төгілген күн нұрының шапағаты

Ортаға шақырайық түлектерді

Халайық қол соғыңдар мархабатты.

(Әсем әуенмен сахна ашылады. Оқушылар ортаға шығады)

Жүргізуші Асемай :

Жас жүректің өмірінің құштары гүл,Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Мұғалім:Қайырлы күн, қадірлі де құрметті ұстаздар, ата-аналар! Бұл мерекенің негізгі мақсаты- бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Мерекемізге қош келдіңіздер!Сіздердің алдарыңызда тұрған 4 «Ә» сынып оқушылары осыдан 4 жыл бұрын 6 жасар бала болса, бүгін міне, ес білген шәкірт және бастауыш сынып түлектері. Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына  да өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалім:

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,

Орындалсын арман тілек талаптарың.

Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,

Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.

Өткіздік талай күнді, талай айды,

Уақыт сырғып артқа қарамайды.

4 жыл бойы сендермен бірге болдым,

Өткіздік талай қызық, талай жайды.

Ірге тасын қаладым, білім бердім,

Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.

Ортада тұрған осы шәкірттердің,

Көрейік тамашалап өнерлерін.

Жүргізуші Сұлтанби:

Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата-аналар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауыш сыныппен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

Қошкеліпсізұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Жүргізуші Асемай:

Балашақтан болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

Жүргізуші Сұлтанби:

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткенғой Абай, Ыбырай бабалар.

Жүргізуші Асемай:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгінміне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

Жүргізуші Асемай:

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің Сұлтанби?Жүргізуші Сұлтанби:

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.Жүргізуші Асемай:Дұрыс айтасың Сұлтанби, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал  тамған ақын да ,  тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі  ұстаздан білім мен тәрбие алған.Жүргізуші Сұлтанби: Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.

Айерке:

Шәкірттердің тыңдар жауап сұрағын

Жас санаға төгіп білім шуағын

Хат танытып жол сілтеген өмірге

Барша жанға құрметті жан мұғалім.

Ерсұлтан:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өң бойымда тамырланып тарады.

Ұмытпаймын салған жолын ақылын

Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.

Ақниет:

Ұлы өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін

Құрметтейік мәпелеп

Ұстаздардың есімін

Келешекке алтын бақ

Қосар таудың үлесін

Жасай берсін жарқылдап

Ұстаз атты ұлы есім

Аманғали

Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға

Ұқсатып ек біз сізді анамызға

Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық

Жүргеніңді ұнаттық арамызда

Аягөз :

Маған ұстаз үйретті,

Әліппесін өмірдің.

Жан жүйемді билетті,

Күйі шалқып көңілдің.

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын,

Маған ұстаз сездірді,

Алдағы өмір шырағын.

Нұрәділ

Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,Ақылға келе алмадық ерте көніп.Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,Мектептің ережесін үйрендік біз.

Ұлжалғас :

Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін,

Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр.

Сізге деген алғыстың шегі де жоқ,

Әр бірінің азамат болған үшін.

Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсіз,

Әр балаға сіз ана, әкедейсіз.

Болашақтың көктеген жас шыбығын

Бағбанындай аялап мәпелейсіз,

Ұлағатты ұстаздарға бас иеміз!

Елнұр :

Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,Бар асылын бізге жиып, мол береді.Қанатымен су себелеп асыл жанӘр шәкіртін баласынан кем көрмейді.:  

Аяна:

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,Жирендік, ажыраттық жамандықты.Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 

Аманғали :

Кітап қалам қолға алдық Бір сыныпқа жиналдық.Ажырамай арамызБолашаққа барамыз.

Жанар:

Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,Қайталап атымызды сұрасқанбыз.

Нұрмұхаммед:  

Бастауышым – бал бұлағым ,Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алыпРахметімді жаудырамын

Хормен :

Білім берген біздерге,Рахмет, ұстаз сіздерге ! 

Жүргізуші Асемай:

Арманым боп аңсаған,

Мәңгілік қалдым мекендеп,

Өзіңе арнап ән айтам,

Ардақтап ұстаз өтем деп.

Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.

Хор: «Ұстазыма мың тағзым»

Жүргізуші СұлтанбиИә ұстаздарымызға қандай жыр арнасаң да жарасады, сонымен қатар мектебімізге де. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.

Аягөз:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Ақниет

Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Аманғали:

Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,

Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.

Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Нұрмұхаммед

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.

Айерке :

Еркелігін көтеріп әр баланың,

Сусындатып білімнің тұнығынан.

Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,

Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.

Нұрәділ :

Мектеп – кеме, білім – теңіз,Барар жерге тез жетеміз.Төрт жыл алған білім нәрін ,

Азық етіп ер жетеміз.   

Жанар

Алтын ұя мектебім аялаған,

Бар балаға білім беріп, сая болған.

Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,

Жаманға да, жақсыға да пана болған.

Хор: «Учать в школе»

Жүргізуші Асемай:

Армысың сен, алтын ұя мектебім, Саған айтар жыр- алғысым көп менің.Жүректерге жаққан білім шырағын ,Мектебіме арналады бұл әнім!

Жүргізуші Сұлтанби

Олай болса Әйгерім алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайды

Жүргізуші Асемай

Тілекші боп жүрдіңіз шәкірттерге Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,Арналады ұстаздар шын жүректен

Сіздерге айтар бүгінгі тілегі де – дей отырып осы өлең жолдарын құрметті ұстаздар өздеріңізге арнаймыз!

Ұлжалғас:

Қажыр-қайрат бір өзіңнен тарайды

Таусылмайтын кенге өзіңді балайды.

Талай шәкірт мақтан тұтып өзіңді,

Өмірімнің өзегі деп санайды .

Ұстазымыз  Назира апайға

  Мың алғыс!  

Елнұр:

Музыка атты пәніміз,Айтылар онда әніміз.Фарида апай үйретсеШырқатамыз бәріміз.Ұстазымыз Гүлнар апайға мың алғыс.

Айерке

Русскому языку от нас поклон

кто из нас В вас не влюблен?

Вы душевный и добры , и при этом так умны

Знайте , не забудет вас

Выпускной четвертый класс.

Блогадарим вас«Самая обаятельная и привлекательная»учительница

Керимбекова Балжан

Жанар:

Ағылшын тілі әр кезде керек ертеңФарида апайымыздың көңілі өте көркем.Ашық жарқын жанары қашан көрсеңБарлық жандар осындай болса екен.

Ұстазымыз Фарида апайға мың алғыс.

Ерсұлтаг:

Еңбек етсең ерінбе, жалқаулыққа жеңілме ,Спорт тәннің жемісі, түйіп алғын көңілге.Салауатты өмір салтымен өзді-өзіңді тәрбиеле,Ең бастысы айтарым қиындыққа жеңілме-деп

үйреткен ұстазымыз Үсен ағайға мың алғыс

         

Асемай

Ұл-қызын мәпелеп аялаған,Досынан қол көмегін аямаған.Бүгінде ортамызда Арай апай,Мектеп үшін еңбегін аямаған.Білім, өнер, бәріне бар талабы,Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.Бастауышта әрбір берген сабағыМәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Мың алғыс сізге біздей түлектерденМың алғыс мына отты жүректерден

Жүргізуші Сұлтанби:

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады.Біз әлі биіктерден көрінеміз,Үміт пен сеніміңіз ақталады .

Жүргізуші Асемай:

Ұстаздар асыл арман, пәк ниетті,

Мұң шалмасын сіздердегі ақ жүректі.

Жүріңдер ақылшы боп ортамызда,

Тілейміз бар жақсылық, ақ тілекті

Ән: «Голубой вагон»Сынып қыздарының орындауында

Жүргізуші Сұлтанби

Мың бұрала билейтін, Биді жақсы көретін. Қыздарымыз бар біздің Қазақ биін билейтін деп ортаға бишілерімізді «Қазақ биімен»шақырайық.

Бишілер тобының орындауында

Жүргізуші Асемай

Сыныбымызда өнерпаз балалар көп. Олардың орындауында күлегеш тамашалаңыздар.

Жүргізуші Еділ:

Ән: «Вместо весело шагать»

Жүргізуші Айару:

Сынып ұлдарының орындауында би: Флешмоб

Жүргізуші Еділн:

Ән: «Көңілді күн» Орындайтындар Сапарбаева Жанна мен Бекмурзаева Гулжайна

Жүргізуші Айару:

Би «Тфай»

Жүргізуші Еділ:

Фотомонтаж тамашаланыздар:«Шуағын төккен төрт жыл»

Вальс «Қоштасу вальсі»

Ән: «Балалық шақ»

Ұстаз сөзі:

Бүгін міне жақсы күн жарқыраған,

Көңілдер қуаныштан сарқыраған.

Қоштасатын күн келді бастауышпен,

Қиындау болып тұр-ау бүгін маған.

Қанаттарың қатайды

Биікке енді самғаңдар

Білім жолы – сара жол

Ізденіңдер, талмаңдар.

Жүргізуші Сұлтанби:

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма ?Бастауышта айтылмаған сыр бар ма ?Бастауышта алған білім, жырларым ,Азық болар мәңгі талай жылдарға.

Жүргізуші Асемай:

Өтті сенде қызық шағым ,Бастауышым – бал бұлағым .Қоштасар күн жетті міне,Қимастықпен қол бұлғаймын.

Жүргізуші Асемай,Сұлтанби :

Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет!

М -мейірімді

Ұ- ұлағатты

Ғ-ғазиз

А-ақылды

Л- лайықты

І-іскер

М- маман

[attachment=84484:bastauysh-oshtasu-7.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу