Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
©  Жан-Жак Руссо
Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.
©  Жан-Жак Руссо
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады.
©  Жан-Жак Руссо
Қолыма қалам алған күнімді қарғыс атсын! Оған дейін менде тек достар бар еді, ал қазір тек дұшпандар.
©  Жан-Жак Руссо
Екіжүзді адамның жау болағанынан, дос болғаны қауіпті.
©  Жан-Жак Руссо
Баланы өмір сүруге үйрету керек.
©  Жан-Жак Руссо
Бізде физиктер, геометрлер, химиктер, астрономдар, ақындар, музыканттар, суретшілер бар, алайда бізде азаматтар жоқ.
©  Жан-Жак Руссо
Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туады, оның үстіне шимақты қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай..
©  Жан-Жак Руссо
Адасуға мыңдаған, ақиқатқа — бiр ғана жол апарар.
©  Жан-Жак Руссо
Бiр күн түсiндiргенге қарағанда, бiр сағат жұмыс көп үйретедi.
©  Жан-Жак Руссо
Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау.
©  Габриэль Лауб
Ұлы шешімнің бастамасы өзіңізге деген сенімділікте жатыр.
©  Сэмюэл Джонсон
Доссыз қалу - бақытсыздықтың ең үлкені
©  Даниель Дефо
Байлық – бұл өмірді соңына дейін сезе білу қасиеті
©  Генри Дэвид Торо
Уақыт барда көп шығарманы оқып қалыңыз, әйтпегенде үлгермей қалуыңыз әбден мүмкін!
©  Генри Дэвид Торо
Алдымен тандаулы кітапты оқыңдар, әйтпесе оларды мүлде оқи алмай қаласыңдар.
©  Генри Дэвид Торо
Қайсыбір жақсы кітапты оқып шығып, өз өмірінің жаңа дәуірін ашқан адамдар қаншама!
©  Генри Дэвид Торо
Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан неге оны пайдалы қылып өткізбеске?
©  Джек Лондон
Адамның негізгі міндеті күнелту емес, өмір сүру.
©  Джек Лондон
Итке сүйек тастағаның қайырымдылық емес. Өзің де аш отырып итпен сүйек бөліскенің қайырымдылық.
©  Джек Лондон
Махаббат - адам әлсіздігінің ең кешірімді тұсы.
©  Чарльз Диккенс
Жанып тұрған шамның жанында әрдайым шыбын-шіркейлер үйіліп жүреді, бірақ бұған шам кінәлі ме?
©  Чарльз Диккенс
Қателесуде шындықтың үлесі болса, ол қауіп тудырады.
©  Адам Смит
Кез келген ысырапқор – қоғамның жауы, кез келген үнемшіл адам – жарылқаушы.
©  Адам Смит
Әр адамның мінезі басқалардың бақытына әсер етеді, демек ол пайда немесе зиянын тигізетін сипатқа ие.
©  Адам Смит