Бөлім: «Мақал-мәтелдер»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

Жақсының сөзі ақыл шақырады,жаманның сөзі ашу шақырады.
Жақсы сөз жараны да жазады.
Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзге жан түршігеді.
Әсері жоқ сөз - өлі сөз.
Адамды адам еткен ой мен сөз.
Ат айналып иесін табар, сөз айналып жүйесін табар.
Жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады.
Алмас қылыш майданда серік,асыл сөз майданда да, сайранда да серік.
Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ескерткіш жоқ.
Басқалары қоладан тірі мүсіндерді шеберлеп ойып алады
Егер алтын кірге түссе, ол қола болмайды.
Алтынның артында қола бар.
Періште алтын көрсе, тура жолдан таяды.
Шылымды ермек етер-түбіне өзы жетер.
Шылымшы қарт,жас адам-өзіне-өзі қас адам.
Темекі тартқан бір кісі. Уланған бүкіл үй-іші.
Шылым мен шарап екеуі-маскүнемнын жетегі.
Темекімен үйір болғанша. Дөрекімен уйір бол.
Шылымды әр тартқаның-табытыңа шеге каққаның.
Шылымшы- өзін көрге тығушы.
Шарап жүрген жерде, шер жүрер.
Мас болғанда алар жұрттың мазасын.Сауыққанда тартар өзі жазасын.
Шарабы-бір тиын.Шатағы-мын тиын.
Арақ миыңды кептіреді,Сыра сыйыңды кетіреді.