Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
70
Мәжнүн де болам өзiмше...
Мәжнүн де болам өзiмше,
Қозы да болам өзiмше.
Айта алмай жүрген бiр сыр бар,
Ұл-қыздарымның көзiнше.
Сен десем көкте шарықтап,
Жерге де түсем талып қап.
Аяулым,саған бiр сыр бар,
Айта алмай жүрген анықтап.
Сөз айтам кейде бұрмалап,
Тiкен де жұтам гүлге орап.
Қызғанам сенi өзгенiң,
Балконы жақтан...бiр қарап...
Қызғанам сенi тойдан да,
Қызғанам сенi биден де.
Қанықтау бояу сүрткенде,
Қызғыштау көйлек кигенде!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter