Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
225
АР
«Ел үстінен күн көрем тегін», – дейсің,
Қарғаға ұқсап өзгенің жемін жейсің.
Сөйте тұра өзіңнің төсіңді ұрып:
«Аз да болса арым бар менің» – дейсің.
Пиғылыңды жасырып келсең, мейлі,
Көріп келем, жарқыным, мен сендейді.
Зат емес ол кемитін, көбейетін,
Ар дегенің ешқашан өлшенбейді.
Арсыз сөзден неге мен жеңілемін?!
Ақ арымның алдына жүгінемін.
Арлы дейді, немесе арсыз дейді,
Ары көп деп айтпайды менің елім.
Талай жүгін тағдырдың арқадағы
Арым биік болса егер, тарта аламын.
Ар дегенім көктегі Темірқазық,
Соған қарап, адассам жол табамын
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇