Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
155
Шығарғанда емшектен жас баланы...
Шығарғанда емшектен жас баланы,
Емізікті көрсе тек бас салады.
Кішкене ерні бұртиып, соның өзін
Біреу алып қоярдай жасқанады.
Ол білмейді маманың бөтендігін,
Соны ойласам, толғанып кетем бүгін.
Қайдан білсін нəресте, қайдан білсін,
Емшек емес, емізік екендігін.
Күннің көзін бұлт бүркеп тастағаны-ай,
Ашық болып тұрсыншы аспан ұдай.
Өмірде де, досым-ай, кей кездері
Алданамыз осылай жас баладай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇