Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  152


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БӘРЕКЕЛДІ

Бəрі келді, бəрі келді,
Дастарханның дəмі келді,
Шаңырақтың сəні келді,
Деді қария: «Бəрекелді!»
Бəрі əкелді, бəрі əкелді,
Біреу тұтас сан əкелді,
Біреу шəрбат, бал əкелді,
Деді туыс: «Бəрекелді!»
Бірі берді берекені,
Бірі қылды келекені.
Бəрі келді,
Бəрі əкелді,
Екі түрлі Бəрекелді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу