Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
351
Қырықта қамалға...
Қырықта қамалға,
Қамалсақ амал ма?!
Дұшпанның бір қолы,
Кетіпті жағамда.
Қол созба арамға,
Қанағат жоқ онда.
Сарқымай сабырды,
Тұра біл сабаңда.
Тоздырған заман ба,
Аздырған адам ба?!
Қарақшы қоғамда,
Қорғаушы табам ба?
Шөңге іліп табанға,
Қор болсақ жаманға,
Таңба ғой сүйекке,
Маған да, саған да.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇