30.05.2022
  367


Автор: Бекен Әбдіразақов

Сүңгі

Бұғаттағы сүңгіні
Найзалардай тізілген.
Таппай қалдым бір күні,
Қалай бірден үзілген?
Іздеп жүрсем сүңгіні,
Жеп қойды деп кім мұны?
Жалмап,
Жұтып қойыпты,
Көктем менен күн нұры.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу