Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.03.2022
161
Ей, ағайын!
Ей, ағайын! Таға көрме текке мiн,
осы жаста түсiнбесiм көп менiң;
түсiнгiм кеп өлең өрдiм сол үшiн,
сөз бен ойды сабақтадым, көктедiм.
Сұраулардың қыспағына көп түсiп,
Жылдар…
Жылдар…
Жеткiзбедi, кеттi ұшып…
Кейде қалып мұзды мұхит сеңiнде,
кейде аптапта қаталадым текке ысып…
Тоңғанымда аязда қап ықпадың,
қаталаған сәттерiмде бұқпадың.
Ақ бесiгiн сезiмiмнiң әлдилеп,
Бойтұмар-Ой…
Санамнан бiр шықпадың…
Тiрлiгiмнiң жазылмаған салтындай,
арызым да, арманым да сарқылмай…
Бойтұмар-Сөз…
Мазамды алып жүр менiң,
қап түбiнде қалып қойған алтындай.
Ей, ағайын! Таға көрме текке мiн,
осы жаста түсiнбесiм көп менiң;
түсiнгiм кеп өлең жаздым өртенiп,
сөз бен ойды сабақтадым, көктедiм…
қазан, 1982 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇