28.11.2021
  772


Бір ер адам Дубайға екі жолдама (путёвка) ұтып алыпты. Сөйтіп "онда кіммен барамын?" деген оймен басы қатыпты. Əйелімен барса, көңілдесі қалып қояды. Көңілдесімен барса, əйелі қалып қояды. Сосын мынадай шешімге келіпті. Əйеліне барып: - Жаным, мен бір ғана жолдама ұтып алдым, соны саған беремін, барып қыдырып қайт, - депті. Əйелі қуанып, демалуға кетіпті. Сонымен жаңағы кісі жолдаманың екіншісін көңілдесіне беріп, оны да Дубайға шығарып салыпты. Ал өзі қалада қалыпты. Бірнеше күн өткен соң əйелдер елге оралыпты. Үйде əйелі күйеуіне демалыс туралы айтып отырып, суреттерді көрсетіп, сонда танысқан адамдары туралы баяндапты: - Мыналар Ресейден екен, мыналар Америкадан екен, ал мына біреу біздің қаладан екен. Өзі бір бұзылған қатын екен. Əркіммен жыртыңдаумен болды, - деп күйеуінің көңілдесін көрсетіпті. Күйеуі сыр бермепті. Келесі күні көңілдесімен отырып, Дубайдағы сапары туралы сөйлесіпті. Көңілдесі суреттерді көрсетіп отырып: - Мыналар ана жақтан келіпті, бұлар о жақтан келіпті. Ал мына əйел біздің қаладан екен. Өзі сондай керемет жан екен, - деп əлгі еркектің жұбайын көрсетіпті. Ана кісі ішінен мəз болып қалыпты да, "неге олай ойладың? деп сұраған ғой. Сөйтсе көңілдесі: - Дубайға күйеуімен келіп, күйеуімен кетті ғой. Артық қадамы жоқ əйел екен, - деп айтады дейді. ? (Жазбаша түк түсініксіз болды-ау деймін ?)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу