Тақпақтар ✍️
Тақпақтар ✍️
22.07.2021
266
Қысқы Астана аспаны
Көк төрi – құтты орны,
Жап-жарық тiптi өзi:
Толған Ай,
Кәдiмгi,
Тегене –
Сүт толы...
Себелер жерге нұр,
Құбылып лезде бұл:
Жұлдыздар –
Салбырап,
Қол жетер жерде тұр.
Қарайсың таңданып,
Қаласың таң қалып:
Көк жүзi тып-тымық,
Айнала жап-жарық…
қыс астана аспан Өтепберген Ақыпбекұлы Өтепберген Ақыпбекұлы шығармашылығы Өтепберген Ақыпбекұлы тақпақтары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇