Астана туралы Тақпақтар ✍️
Құрметті оқырман! "Астана" тақырыбына байланысты Тақпақтар жинағы — бұл бөлімде "Астана" ілмегіне қатысты Тақпақтар топтастырылған. Осы бетте "Астана" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған Тақпақтар, қызықты Тақпақтармен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір Тақпақтар автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Астана" тақырыбына байланысты Тақпақтар іздесеңіз, жаттауға арналған Тақпақтар оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.
Басқа: 4
Мақал-мәтелдер: 5
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 129
Өлеңдер: 162
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 3
Құттықтау, тілектер: 66
Әңгімелер: 10
Поэмалар: 1
Шығармалар: 16
Анекдот, әзілдер: 2
Эсселер: 14
Жасай берші, Астанам
Жасай берші, Астанам, Арайлы атсын әр таңың. Елордасы бас қалам, Сенсің менің мақтаным.
© Астана күні
Астанамсың бас қалам
Астанамсың бас қалам, Жүрегімде тербелер. Қала жоқ деп білемін, Бір өзіңе тең келер.
© Астана күні
Астанамсың, ардақтым
Астанамсың ардақтым, Сен деп соғар жүрегім. Таныла бер, Астанам, Бар жақсыны тіледім.
© Астана күні
Саған деген көңілім
Саған деген көңілім, Тым жоғары Астанам. Сенде қызық өмірім, Шаттығы көп Астанам.
© Астана күні
Жүрегімнің үнісің
Елордам сен Астанам, Жүрегімнің үнісің. Жасай берші жас қалам, Бұл елімнің гүлісің.
© Астана күні
Жарқырасын күн, айың!
Ел жүрегі Астанам, Жарқырасын күн, айың! Жақсылыққа бастай бер, Жар боп саған Құдайым!
© Астана күні
Жасай берші, Астанам
Еліміздің жүрегі, Жасай берші, Астанам. Мен өзің деп білемін, Ел ордамыз, бас қалам.
© Астана күні
Сені жақсы көремін
Астанамсың Елорда, Сені жақсы көремін. Өзіңменен бірге өсіп, Бар жақсымды беремін.
© Астана күні
Сендей қалам барында
Сендей қалам барында, Мен бақытты балаңмын. Астанам, мен өзіңде, Жұлдыз болып жанамын.
© Астана күні
Астананың баласы
Сарыарқаның даласы, Астанадай қаласы. Мен боламын, білсеңіз, Астананың баласы
© Астана күні
Астанамыз бас қала
Астанамыз жас қала, Елордамыз бас қала. Жүремін мен Астанам, Өзің барда шаттана.
© Астана күні
Бәйтерегім бар менің
Бәйтерегім бар менің, Астананың төрінде. Үн қатады Ханшатыр, Сарыарқаның жерінде.
© Астана күні
Көңілімнің мекені
Көңілімнің мекені, Бір өзіңсің Астанам. Өмірімнің көктемі, Жас Астанам, бас қалам.
© Астана күні
Жақсы оқимын сабақты
Жақсы оқимын сабақты, Астананың төрінде. Қызмет етем ел үшін, Сарыарқаның жерінде.
© Астана күні
Астананың баласы
Мен боламын қараңыз, Астананың баласы. Сенен бақыт табамыз, Сарыарқаның даласы.
© Астана күні
Сарыарқаның жерінде
Сарыарқаның жерінде, Бой көтерген Астанам. Қазақ дейтін елімде, Ой көтерген Астанам!
© Астана күні
Сені ойлап жүреміз
Ел ордасы Астанам, Сені ойлап жүреміз. Бас қаласы елімнің, Бір өзің деп білеміз.
© Астана күні
Астананың ақ таңы
Астананың ақ таңы, Тербетеді жанымды. Еліміздің мақтаны, Шырқалатын бақта әні.
© Астана күні
Сені жақсы көреміз
Сені жақсы көреміз, Ел жүрегі Астанам. Ақ орданың мекені, Жас қаламсың, бас қалам.
© Астана күні
Жақсы көрем өзіңді
Жақсы көрем өзіңді, Ел ордасы Астанам. Сұлуланған күн сайын, Мен өзіңмен мақтанам.
© Астана күні
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Туған сендей қаламда. Ел ордасы Астанам, Танылған бар ғаламға.
© Астана күні
Астананың төрінде
Астананың төрінде, Бәйтерек бар баурайтын. Бас қаланың жерінде, Есілім бар балдай тым.
© Астана күні
Астананы сүйемін
Астананы сүйемін, Бас қаламыз ең асыл. Ақ ордамыз, бас қалам, Болам саған жанашыр.
© Астана күні
Сен дегенде Астанам
Сен дегенде Астанам, Көтерілер көңілім. Сеніменен қызықты, Балдай тәтті өмірім.
© Астана күні
Астанаға барамын
Астанаға барамын, Әсем әнге саламын. Астананы аралап, Бойға қуат аламын.
© Астана күні