Өлеңдер ✍️

  13.07.2021
  260


Автор: Айтқали Нәріков‎

Ашу

Ашу жолдас болмайды қызба адамға,
Басылса да бармай-ақ жүз қадамға.
Бет жыртысқан досыңды еске аласың,
Бас ауырып, балтырың сыздағанда.
Жайшылықта соны біз сеземіз бе,
Ашу қысса, ақылдан беземіз де.
Сосын, сосын қайтадан достықты сол,
Айлар бойы жүреміз кезек іздеп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу