Өлеңдер ✍️

  30.05.2021
  142


Автор: Қадыр Мырза Әли

Қапырық

Көк шалғынды шалғы орақтай жапырып
Соқпаған жел,
Жаумаған бұлт — мәкүрік!
Дүниені тастағандай тұмшалап,
Бітеу қала,
Бітеу көше —
Қапырық.
Есіне алып көріп еді өткенді,
Таба алмады ел мұндай ыстық көктемді.
Бейшараны бір уыс қып сығымдап,
Ауызға әкеп тығып қойды өкпеңді.
Әлі де ыстық,
Ауғанменен екінді.
Қырға қашпай қалған қазақ өкінді.
Неткен сұмдық!
Бар ауасын шаһардың
Бір аждаһа жұтып қойған секілді.
Сабыр! Сабыр!
Қонғандай боп ырыс-бақ,
Жауады нұр,
Жауады күн дұрыстап.
Сезеді ішім:
Төгіп-төгіп жазарда
Өстіп мен де отырамын құрыстап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу