Ұста туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 28
Өлеңдер: 9
Жаңылтпаштар: 3
Нақыл сөздер: 1
Әңгімелер: 5
Аңыздар: 1

Ұшқыннан қорыққан ұста болмас.
Білгеннің пайдасы
Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға..
©  Ыбырай Алтынсарин
Әке мен бала
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
— Анау тағаны, балам, ала..
©  Ыбырай Алтынсарин
Қанжар
Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап,Ыстық, суық майданда шығады ойнап.Грузин ашулы ұста кекке соққан,Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап.
Еркелі..
©  Абай Құнанбаев
Ұстаның қуаруын білгенше,
Темірдің суаруын біл.
Сынбасты ұста жасайды.
Ұсталы ел озар,
Ұстасыз ел тозар.
Көп көрген - нұсқа,
Көп істеген - ұста.
Ұстамен жақын болсаң,
Мүйiз кесерiн аларсың,
Қайықшымен жақын болсаң,
Дауыл күнi кемесiн суға саларсың.
Бiлiмдi өлсе,
Қағазда аты қалар,
Ұста өлсе,
Iстеген заты қалар.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.
Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.
Надан «ғалыммен» жақын болсаң басың қатады,
Ақымақ әкіммен жақын болсаң басың кетеді,
Ұстамен жақын болсаң ісің бітеді.
Қолы ұста адамның
Қойнында алтын бар.
Ұстаз алдында тілің тый,
Ұста алдында қолың тый.
Әр шаһардың ұстасы
Өз пышағын мақтайды.
Ұстаның өрісі
Көрігінен төсіне дейін.
Жаман ұста жанынан.
Ұстамен жақын болсаң
Ұстарасын аларсың.
Мүттайыммен жақын болсаң
Пәлесіне қаларсың.
Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.
Қазаншының өз еркі,
Қайдан құлақ шығарса.
Ұстаны соққан пышағынан танисың.