Сөз өнері туралы Мақал-мәтелдер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 18

Қымбат дүние қолға түсе бермейді,
Қымбат сөз ауызға түсе бермейді.
Күн шалмас қараңғы көңілді сөз шалады,
Күн жылытпас сұм жүректі сөз жылыта алады.
Көп сөз ұтпайды,
Дөп сөз ұтады.
Өмірден көзің кетсе де,
Сөзің кетпесін.
Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.
Тіл — шекер, бала — кетер, байлық — бекер.
Сөз шыңды табар.
Сөз асылы мақал.
Сөз түбін сөз табар.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Сөзге сөз келгенде,
Сөйлемесе атасы өледі.
Өлең — алтын,
Сөз — күміс.
Сөз жіп, созсаң кете береді.
Ділмардің сөзі ұстаның бізінен өткір.
Жалғыз сөйлеген жігіт шешен.
Байлауы жоқ шешеннен,
Үндемеген есті артық.
Бәйгі алмаған жүйріктен,
Белі жуан бесті артық.
Тіл қаруы — сөз,
Сөз қаруы — ой.