Қонақ туралы  ✍️

Құрметті оқырман! "Қонақ" тақырыбына байланысты жинағы — бұл бөлімде "Қонақ" ілмегіне қатысты топтастырылған. Осы бетте "Қонақ" ұғымы мен мағынасын түрлі қырынан жазылған , қызықты мен оқырманға ой салатын қазақша ақпаратттар жинақталған. Әрбір автордың көзқарасы, сезімі және өмірлік пайымы көрініс табады. Егер сіз "Қонақ" тақырыбына байланысты іздесеңіз, жаттауға арналған оқығыңыз келсе — осы бөлімнен таба аласыз.

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 2
Мақал-мәтелдер: 110
Жұмбақтар: 2
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 76
Нақыл сөздер: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер: 44
Шығармалар: 2
Анекдот, әзілдер: 6
Аңыздар: 1

Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір.
Үй баласымен базарлы,
Қонағымен ажарлы.
Жақсы бала қонаққа үйір,
Жақсы тай атқа үйір.
Тойған үйге тоғыз бар.
Әр үйдің өз қонағы бар.
Ертеңгі қонақ, шай ішер.
Үйіңе қонақ келсін,
Алыстан сұрап келсін.
Қонақ иесі мейірлі отырса,
Қонақ көңілді отырады.
Біреудің жанбасын жесең
Өзіңнің ұшаңды сайла.
Қожасына қарай — үйі,
Қонағына қарай — сыйы.
Түскенше қонақ ұялар,
Түскен соң қонақ иесі ұялар.
Сыпайының үстінде шаң тұрмас
Сақының көгенінде мал тұрмас.
Қуыс үйден құр шықпа.
Табақ тартқан
Тамақ сұрамайды.
Жетіскен жеті көсеумен көсейді.
Алғанға бар,
Бергенге жоқ.
Балықшының үйіне қонсаң,
Қарма жерсің.
Тарышының үйіне қонсаң,
Жарма жерсің.
Салулы ауызға ас тиер,
Сабырсыз ауызға ас тиер.
Қырдағы қырман
Ойдағы орман,
Күнде той, күнде думан.
Төрге бұрын шыққан
Тілеген жеріне отырар.
Төрдегі күлсе,
Есіктегі ыржияды.
Қонақ келсе, ет қызарар,
Ет қызармаса, бет қызарар.
Қонақ қолын тигізбеген ас арам.
Қонаққа қозы сойса, қозы өледі,
Қозы соймаса, өзі өледі.
Жаяу қонақ, жайласып ұйықтайды.