Қайрат туралы  ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 14
Тақпақтар: 4
Өлеңдер: 22
Жаңылтпаштар: 2
Нақыл сөздер: 20
Туындылар: 2
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 1

Мен алаңға бірінші елімді, жерімді басындырмаймын деп шықтым. Қылмысым сол болса, соттай беріңдер. Бүкіл жастарды, жатақханаларды көтергенім рас, сол..
©  Қайрат Рысқұлбеков
Қазақ қыздарын шашынан сүйреп жатқанын көргенде мен шыдап тұра алмадым. Қарындасым ғой, қазақтың қызы ғой. Адам емес, аң екеш аңның еркегі ұрғашысына..
©  Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат – қамал бұзады.
©  Бауыржан Момышұлы
Жасық жас - өкінішпен өседі, қайратты қарт — тыныш өмір кешеді.
©  Жүсіп Баласағұни
Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
©  Бауыржан Момышұлы
Үш-ақ нәрсе-адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
©  Абай Құнанбаев
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жлдас,ет.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Есің барда, етек жап.
Қайратың барда, мал тап.
Есердің тобы екеуге жетпей тозар,
Ездің қайраты жау кеткенде қозар.
Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,
Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.
Қайратың бар да мал тап.
Жүректе қаһар жалындаса,
Бойда қайрат арындар.
Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаhарман
Құрыш қайрат,
Құрылыста шынығар
Ісін сүйген,
Істей жүріп тынығар.
Қатты жерге қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар.
Қайрат деген қыран бар
Өлімге күш бермейтін.